Атырау, 26 сәуір 14:17
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Өзгенің картасын пайдаланған алаяқ ұсталды

3 193 просмотра

Мақат ауданы полиция бөлімі өзгенің банк картасын пайдаланған 40 жастағы алаяқты ұстады. Зардап шегуші оны жоғалтып алған, ал қылмыскер тауып алып, ішіндегі ақшаны шешіп алған.

Карта иесі өзінің несие картасын жоғалтып алғанын ұялы телефонына ақша шешілгені туралы хабарлама келгенде бір-ақ байқаған. Оның айтуынша, есіне сақтай алмайтын болғасын, картасымен пин-код нөмірі жазылған қағазды бірге салып жүрген. Алаяқ осыны пайдаланған.

- Ұсталған әйел - Ақтөбе облысының тұрғыны. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 190-бабы (“Алаяқтық”) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

- Жыл басынан бері Атырау облысында интернет-алаяқтықтың 400-ге жуық дерегі тіркелген. Бүгінде оның 150-ден астамы ашылды, - дейді полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат ОРАЗБАЕВ. - Алаяқтық әрекеттерінің алдын алу және әшкерелеу мақсатында арнайы іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілуде.

Облыстық сот «АЖ»-ға хабарлағандай, жыл басынан бері 190-бап бойынша 50-ден астам адам сотталды, олардың 20-сы нақты бас бостандығынан айыру жазасын алды.

Фархат ӘБІЛОВ

29 тамыз 2020, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.