Атырау, 14 шілде 17:11
 дождьВ Атырау +35.5
$ 477.11
€ 545.58
₽ 6.20

​Әуежайда бір бума еуромен ұсталды

3 609 рет қаралды

Атырау сотының үкімі бойынша 15,5 мың еуро мемлекет кірісіне есептелді.

- Бұл ақшалай қаражат экономикалық контрабанда фактісі бойынша азамат Д-ға қатысты қозғалған қылмыстық істе заттай дәлелдеме ретінде танылып, тәркіленді. Ол Атырау әуежайында заңсыз, яғни декларациясыз осы соманы шетелге шығаруға әрекеттенген кезде ұсталды, - деп хабарлайды Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті.

Экономикалық контрабанда фактілері туралы белгілі болған жағдайда 8 (7122) 35-42-10 сенім телефоны арқылы хабарлаған жөн болады.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 тамыз 2020, 13:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.