Атырау, 2 мамыр 07:35
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Пәтерді жасырын жалға беретіндер көп

3 561 просмотра

25-27 тамыз аралығында Атырау облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Шараның алғашқы күні 13 қылмыс тіркеліп, 550 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

«Алғашқы күні-ақ бұрын жасалған 7 қылмыстың беті ашылды, іздеуде жүрген күдікті ұсталды. 1139 үйге тексеру жүргізіліп, салық төлемей жалға берілген 80-нен астам пәтер анықталды. Полиция органдарында профилактикалық есепте тұрған 500-ден астам адам тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексерілді», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әкімшілік құқық бұзушылықтардың ішінде қауіпсіздік белдігінсіз көлік жүргізу, жылдамдықты асыру және ішімдік ішу немесе мас күйде қоғамдық орындарға шығу жиі кездеседі. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 17 жағдайы анықталды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 тамыз 2020, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.