Атырау, 5 желтоқсан 10:22
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жас алаяқ интернет арқылы тонаған

3 894 рет қаралды

Атырау облысының полициясы бірнеше жүз мың теңгені жымқырған 17 жастағы интернет алаяғын ұстады.

Исатай ауданының тұрғыны Instagram әлеуметтік желісінде «АЙБЕК КӨМЕК» парақшасына кез болып, көмек ретінде парақша иесіне «Qiwi-кошелек» қосымшасы арқылы 40 мың теңге жібереді. Алаяқ оның аңғалдығын пайдаланып, сеніміне кіріп алып, оның «Халық банкі» картасының екі жағын суретке түсіріп, өзіне жіберуді өтінеді. Осылайша, ол аңқау әйелдің картасының нөмірі мен картаны тексеру кодын қолға түсіреді. Сөйтіп оның картасынан 385 мың теңгені шешіп алады. Өз картасынан рұқсатсыз біреудің көп мөлшерде ақша түсіріп алғанын білген ол Исатай аудандық полиция бөліміне арыз жазады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол - Түркістан облысының 2003 жылғы тумасы екен. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция оның осындай фактілерге қатыстылығын тексеруде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 қыркүйек 2020, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.