Атырау, 23 қараша 21:46
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Садақа жәшігін ұрлаған

3 378 просмотра
Бейнежазбадан алынған кадр

Атырауда дүкенде орнатылған қайырымдылық үшін ақша салатын жәшікті ұрлаудың екі фактісі тіркелді.

Ұры екі рет көзге түсті: 14 тамызда ол Достық көшесіндегі «Альберт» дүкенінде орнатылған жәшіктен ақша алған болса,  16 тамызда Сырым Датов көшесіндегі «Серікжан» дүкенінде дәл осындай әрекет жасаған. Екеуінде де ол ішкі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Күдікті қолға түсті – Геолог ықшамауданының 21 жастағы тұрғыны. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Бейнежазбаны Атырау облысы ПД баспасөз қызметі ұсынды

26 тамыз 2020, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.