Атырау, 17 маусым 16:55
 дождьВ Атырау +32.9
$ 487.17
€ 565.65
₽ 6.72

Атырауда

Негізгі көшелер кеңейеді Басқа жаңалықтар

Негізгі көшелер кеңейеді

Атырау қалалық ТКШ бөлімі биылғы жол салу бағдарламасы бойынша ең ірі лоттар орындаушыcын анықтау конкурсын жариялады. Мемлекеттік сатып алулар сайтында көшелерді қалпына келтіру жұмыстарының құны хабарланған: Құрманғазы – 3,295 млрд теңге, Амандосов – 3,091 млрд, Уәлиханов – 1,941 млрд, Гагарин – 1,565 млрд, Датов - 1,549 млрд,  Ғабдиев - 838 млн, Ғұмаров көшесі - 379 млн теңге. 19 сәуір 2019, 10:36 3 656 рет қаралды
Доссор трассасында үш көлік соғысып, бір адам қаза болды Басқа жаңалықтар

Доссор трассасында үш көлік соғысып, бір адам қаза болды

Бүгін, 18 сәуірде сағат 11.00 шамасында «Атырау-Досор» тас жолы бойында, Қарабатанның тұсында «Газель» жүк көлігі, «ДЭУ» автобусы және «Тойота» минивэн көліктері соқтығысқан. Бейнежазба 18 сәуір 2019, 14:27 4 874 рет қаралды
Борандатқан бесқонақ әбден састырды Басқа жаңалықтар

Борандатқан бесқонақ әбден састырды

Кешегі жауын-шашын салдарынан мұнайлы астана көшелері суға кетті. Ал бүгін, 18 сәуірде жауған қар тұрғындарды әбігерге салды: қала ішіндегі көлік қозғалысы қиындап, әуе рейстері ұшпай, көп қабатты үйлердің жертөлелері суға кетті, жарық өшіп қалды. Коммуналдық қызметтер үлгере алар емес. Сурет Бейнежазба 18 сәуір 2019, 12:41 5 987 рет қаралды
Жол төсемін бүлдірмейік Басқа жаңалықтар

Жол төсемін бүлдірмейік

Республикалық және облыстық маңызы бар жолдардағы басты проблемалардың бірі – ірі габаритті жүк көлiктерінің инерттi және құрылыс материалдарын «артық салмақпен» тасымалдауы салдарынан жол төсемі бүлінеді. Бұл туралы брифингте Атырау облысының көліктік бақылау инспекциясы бастығының орынбасары Аманжол ХАБДЕШОВ мәлімдеді. 18 сәуір 2019, 11:21 4 024 рет қаралды
Жолдың ширек бөлігі Басқа жаңалықтар

Жолдың ширек бөлігі

Республикалық бюджеттен 18 млрд теңге бөлінген Атырау-Астрахан жолының 277 шақырым болатын қазақстандық бөлігінің 60 шақырымын қалпына келтіру жұмыстары 2019 жылдың мамыр айында басталады. Ал қазір жүргізіліп жатқан әзірлік жұмыстарының барысымен Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Құрманғазы ауданына барған сапарында танысқан еді. Сурет 17 сәуір 2019, 21:00 4 553 рет қаралды
Көпбалалы отбасыларға арналған алғашқы пәтерлер Берекеден беріледі Басқа жаңалықтар

Көпбалалы отбасыларға арналған алғашқы пәтерлер Берекеден беріледі

Түркістан қаласында Атырау облысының қаржысына демеушілік көмек аясында саябақ салынады. Бүгінде ауданы 0,57 гектар жер телімі бөлінген. Құрылыс құны жобалау-сметалық құжаттама бекітілгеннен кейін белгілі болады. Бұл туралы брифингте журналистердің сұрағына жауап берген құрылыс басқармасының басшысы Мәлік АМАНОВ хабарлады. 17 сәуір 2019, 12:33 5 416 рет қаралды
Миялыда су ащы Басқа жаңалықтар

Миялыда су ащы

Қызылқоға ауданының орталығы Миялы мен көрші Жангелдин ауылдарының тұрғындары 7 шақырым жердегі «Қарасу» кен орнының тазартылмаған жерасты суларын пайдаланады.  Су ащы. Мұндағы су тазарту қондырғысының құрылысы бірнеше жылдан тұралап тұр. Сурет Бейнежазба 16 сәуір 2019, 17:46 4 269 рет қаралды
Шіріген жұмыртқа иісі тек бізде емес екен Экология

Шіріген жұмыртқа иісі тек бізде емес екен

«Қазгидромет» Қазақстан қалаларындағы 2018 жылғы ауа сапасының бақылау қорытындысын жариялады. Атмосфераның ластануы жағынан Атырау қаласы екінші орында тұр екен, ал бірінші орын Өскемен қаласына бұйырған. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығында бір жылда 1530 ең жоғарғы және 64 экстремалдық жоғары ластану оқиғасы орын алған болса, мұнайлы астанада бұл көрсеткіштер, сәйкесінше, 1102 және 177-ге жеткен. Батыс пен Шығыс аймақтарын байланыстыратын тағы бір нәрсе – екі қаланың тұрғындары да күкіртсутегімен уланып отыр. 16 сәуір 2019, 17:12 6 173 рет қаралды
Бұл жерге енді мал жайылады Басқа жаңалықтар

Бұл жерге енді мал жайылады

Индербор кентінің тұсында көп жылдардан бері қоршаулы тұрған 21,6 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жерді 2005 жылы «ИСИ ГипсИндер» ЖШС зауыт салу мақсатында 16 млн теңгеге сатып алған. Алайда бұл жоспарлары іске аспады.  16 сәуір 2019, 16:51 4 531 рет қаралды
Балық хлордан қырылған. Бұл кімнің ісі? Басқа жаңалықтар

Балық хлордан қырылған. Бұл кімнің ісі?

Атырауға ҚР сенатының депутаты Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ бастаған түрлі ведомостволардың шенеуніктер делегациясы айта-айта жауыр болған тақырып - балықтың қырылу мәселесі бойынша  келді. Жергілікті жұртшылықпен кездесу кезінде ҚР ішкі істер министрлігінің тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар ҚОЖАЕВ 3 сәуірде сараптаманың алғашқы нәтижелері алынғанын, соған сәйкес, өткен жылдың желтоқсанында Жайықтағы балықтың хлормен уланғанын мәлімдеді.  Қазір тергеу ісі бұл химиялық затты қандай нысандар тастауы мүмкін екенін анықтап жатыр. Сурет 16 сәуір 2019, 17:34 4 440 рет қаралды
Белтемір мен қоссырықтың "құлағында ойнаған" Спорт

Белтемір мен қоссырықтың "құлағында ойнаған"

15 сәуірде Қ.Смағұлов атындағы аллеяда street workout бойынша ашық мастер-класс өтті. Көше спортынан ҚР бас бапкері Айтым ЖАҚЫПОВТЫҢ жетекшілігімен жастар қоссырық пен белтемірде дағдыларын шыңдап қана қоймай, өткен жыл ішінде қандай жетістікке жеткендерін паш етті. Өйткені, бұл Жақыповтың біздің қалада өткізіп отырған екінші мастер-класы. Сурет Бейнежазба 16 сәуір 2019, 11:50 9 276 рет қаралды
Кесарь тілігімен босану көбейді Басқа жаңалықтар

Кесарь тілігімен босану көбейді

Атырауда соңғы жылдары кесарь тілігімен босану саны едәуір өсті, деп хабарлады «АЖ»-ға облыстық перинаталдық орталығы. Егер 2016 жылы осындай әдіспен 1500 сәби дүниеге келсе, 2017 жылы – 1603, ал 2018 жылы -  1614 сәби өмірге келген. 15 сәуір 2019, 19:20 6 238 рет қаралды
Құрманғазы ауданына жаңа әкім тағайындалды Басқа жаңалықтар

Құрманғазы ауданына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін, 15 сәуір күні өңір басшысы Нұрлан Ноғаев мәслихат депутаттарына өз еркімен қызметтен кеткен Бибоз Шаяхметовтың орнына Құрманғазы ауданының жаңа әкімінің кандидаттығын таныстырды.  15 сәуір 2019, 13:06 7 196 рет қаралды
Ер туған жеріне... Басқа жаңалықтар

Ер туған жеріне...

Қызылқоға ауданында үй салуға жер телімдерін сұраушылар  саны артып отыр.  Бүгінде олардың саны – 2297. мұның 1316-і аудан орталығы Миялыға тиесілі болса, Сағызда – 736 адам. Қалғандары Мұқыр, Жасқайрат, Қоныстану ауылдарында. 15 сәуір 2019, 12:19 4 519 рет қаралды
«Меймандар» «алаң иелерінен» ұтылып қалды Спорт

«Меймандар» «алаң иелерінен» ұтылып қалды

«Ақтөбе» футбол клубының да өз стадионы дайын емес. Сондықтан 14 сәуірде ақтөбеліктерге «Атырау» командасын Қостанайдағы «Тобыл-Аренада» қабылдауға тура келді. Бірақ бұл да біздің командаға көмектеспеді: 0:2, тағы да жеңіліс. Бейнежазба 15 сәуір 2019, 11:39 3 873 рет қаралды
Империяның суығы тиген жер Басқа жаңалықтар

Империяның суығы тиген жер

Қызылқоға ауданындағы Тайсойған ауылы кеңес дәуірінен өзі аттас сынақ полигонымен танымал. Кейін бұл жерді әскери мақсатта Ресей жалға алған еді. Бүгінде мұнда 900-ге жуық адам тұрады. «АЖ» тілшісі осы шалғайдағы ауылға барып қайтты. Сурет Бейнежазба 15 сәуір 2019, 11:22 9 151 рет қаралды
Бәрі де балық туралы Басқа жаңалықтар

Бәрі де балық туралы

Атырауға келген «Балық шаруашылықтары қауымдастығы - BD» ЗТБ басшылары мен «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС (биылғы ақпаннан бастап Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты деп аталады) директоры Қуаныш ИСБЕКОВ жергілікті балық аулау кооперативтерінің төрағаларымен кездесті. Кездесуде салықтар, теңіз флоты, Жайықтағы желтоқсанда болған апаттың себептерін анықтауға әлі де кеш еместігі туралы әңгіме болды. Сурет 15 сәуір 2019, 11:17 4 418 рет қаралды
Марафон, келте етек киген еркек және арба итерген ана Қоғам

Марафон, келте етек киген еркек және арба итерген ана

Бүгін, 14 сәуірде Атырауда 42 км, 21 км, 10 км, 3 км және 1,2 км қашықтықта жыл сайын ұйымдастырылатын "Atyrau Marathon 2019" жарысы өтті. Биыл спорт мерекесі Қазақстанның әр түкпірінен және басқа елдерден 3 мыңдай желаяқтың басын қосты.    Сурет Бейнежазба 14 сәуір 2019, 18:36 5 009 рет қаралды
Қызылша Теңіз кенішіне вахтамен келген Басқа жаңалықтар

Қызылша Теңіз кенішіне вахтамен келген

Жақында Теңіз кенішінде қызылшамен ауырған төрт жағдай тіркелді. Қызылшаға шалдыққан жұмысшы вахтаға келіп, сол жерде өзінің үш әріптесіне жұқтырып үлгерген. Сөйтіп төртеуі де емханаға түскен. Әрі қарай ауру таралмай, бұл жағдай бақылауға алынды, деп сендіреді Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде. 13 сәуір 2019, 09:46 3 264 рет қаралды