Атырау, 23 қараша 23:01
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бастысы – сүю

2 942 просмотра


Көктемде Атырау тергеу изоляторында сотталушы А.В-ның неке қию рәсімінде тағы бір сотталушы Думан (есімдері өзгертілген) кешікпей өзінің үйлену тойына шақырамын деп уәде берген еді. Ол сөзінде тұрып, жақында «АЖ» тілшісі тергеу изоляторындағы кезекті салтанатты шараға қатысып келді.

Думан есірткі үшін 5 жылға сотталған. Жазасын тергеу абақтысында өтеп жатыр, осында аспаз болып жұмыс істейді. Оның міндеті - 157 тергелуші мен 14 сотталушыны тамақтандыру.

- Күн сайын таңғы 6-да тұрып, жұмысыма кірісемін. Өзіме бұл ұнайды, өйткені осылай уақыт тез өтеді, - дейді күйеу жігіттің киімін киген Думан.

- Қандай сезімдесің?

- Бұл үлкен оқиға. Мен тойымды дүркіретіп өткіземін деп ойлайтынмын. Басқаша болып шықты... Қазір менің достарым да жоқ, бірақ оған ренжімеймін. Қалыңдығыма өте ризамын, ол мені тастап кеткен жоқ, біз бір-бірімізді жақсы көреміз.

Осы кезде бөлмеге қалыңдық кірді.

- Ммм, қандай әдемісің, - деді күйеу жігіт сүйсіне.

- Сен де. Айтпақшы, саған классика үйлеседі екен.

Қалыңдық менімен аз сөйлесті, бірақ ең бастысы - Думан екеуі бір-бірін жақсы көретінін және бостандыққа шыққаннан кейін жаңа өмір бастайтындарын айтты.

АХАЖ қызметкері хаттамаға сәйкес сөздерді оқып, «келісесіз бе?..» деген сұрақты қойды. Екеуі «иә» деді, қолдарын қойды, бір-біріне неке жүзіктерін тақты. Осыдан кейін біз жас жұбайларды құттықтап, сәл де болса оңаша қалулары үшін залдан шығып кеттік.

- Өзара келісім бойынша ғана кез-келген жерде ресми неке қия аласыз, бұл өтініш сипатындағы рәсім. Бас бостандығынан айыру мекемелеріндегі неке қию рәсімінің құқықтық мәртебесі бойынша бостандықта қиылған неке рәсімінен еш айырмашылығы жоқ. Әрине, бізде аққайнарға рұқсат жоқ, - дейді УГ-157/1 мекемесінің арнайы контингентімен тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімінің бастығы Қаламқас ӘШІРХАН. - Неке қию сотталушыны бостандыққа тез шығуға ынталандырады деп есептеймін. Думан асханада жұмыс істейді, еңбек қауіпсіздігі техникаларын сақтайды, әкімшіліктің барлық заңды талаптарын орындайды және жақсы мінездемесі бар.

Сондықтан ол отбасылық өмірін сот белгілеген мерзім аяқталмас бұрын бастауы әбден мүмкін.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор

13 қараша 2019, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.