Атырау, 23 қараша 23:21
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Отырды да, кете барды

4 783 просмотра


Атырауда сатылатын «Toyota Camry-50» маркалы автокөлігін қарауға келген екі жас жігіт айдап көрейік деген сылтаумен машинаны ұрлап кеткен. 

Бастапқыда бәрі дұрыс болды: сатып алушы ретінде келген екі жігіт белгіленген уақытта «Новостройка» ықшамауданына келіп, авткөлікті сырттай қарап шығып, иесінен оны жүргізіп көруді сұрайды. Кілт қолына тиген әлгі екеу автокөлікті қозғап, ұзап кетеді. Біраз күткен жәбірленуші дер кезінде полцияға хабарласады. Жедел кезекшілер «Ұстау» жоспарын іске қосып, нәтижесінде полиция «Атырау-Индер» трассасы бойынан іздеудегі автокөлікті тоқтатып, қашқындарды ұстайды. ҚР ҚК 200-бабы 2-бөлігі (Бір топ адаммен втокөлікті ұрлау мақсатынсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл баптың жазасы айыппұлдан (3000 АЕК-ке дейін) 5 жыл бас бостандығын айыруға дейін тағайындалады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА   

13 қараша 2019, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.