Атырау, 23 қараша 22:36
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Сұлулар" сәнді бұзып тұр ма?

3 437 просмотра


Атырау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Айбек ЖӘЛЕЛОВ «Үш кербез» субұрқағын қалпына келтіру жұмыстарының толық эскизін жұртшылық назарына ұсынбағаны үшін қатаң сөгіс алды.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, дүйсенбіде өткен аппарат мәжілісінде Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ Жилгородоктағы Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының алдындағы субұрқақты қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру мәселесіне тоқталды.

- Егер Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы алдындағы сәулет нысандарының құрылыс-монтаж жұмыстары әлі аяқталмағанын тұрғындарға түсіндіруге тиіс едіңіз. Әлеуметтік желілерде «Үш кербез» субұрқағын қалпына келтіру эскизінің толық нұсқасын тарату керек еді. Атырау тұрғындарына эскиздің толық нұсқасы дер кезінде ұсынылмағандықтан, құрылыс бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жариялаймын, - деп мәлімдеді А. Құттымұратұлы.



Естеріңізге салсақ, Атырауда алты субұрқақ қатар қалпына келтірілуде. Әлеуметтік желілердегі көпшіліктің пікірінше, салынып жатқан жаңа «Бақбақтар» бұрқағы мен бұрын бұрқақ композициясының ортасы болған «Үш кербез» мүсіні бір-біріне сәйкес келмейді және еш эстетикалық үйлесім жоқ.



Бұған дейін, қалпына келтіру жоспарларына сәйкес, «Үш кербез» сәулет нысаны бұзылуы керек деп хабарланған болатын, алайда көпшіліктің өтініштерінен соң жергілікті билік оған тимеді. Оның орнына мүсінді мыспен қаптады. Ал енді мыс қаптаманы қырып алып жатыр.

- Жилгородоктағы субұрқақтың толық эскизі көпшілік назарына ұсынылады, - деді Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор

13 қараша 2019, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.