Атырау, 6 желтоқсан 22:05
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Ұрланғанды сатып алушы да - ұры

3 588 рет қаралды


Соңғы екі айда «Атырау Су арнасы» КМК балансындағы кәріз құдықтарының 8 шойын қақпағы ұрланған. «АСА» енді осындай фактілер бойынша құқыққорғау органдарымен бірлесе әрекет ететін болады.  

Бұл қылмыстар «Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру» деп аталатын ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қарастырылады. Бұдан басқа, «Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу» деген 196-бап бар. Бірақ Атырауда қара және түсті металл қабылдаушылардың 196-бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны есімде жоқ.

- Ашық жатқан кәріз құдықтары түрлі жарақат алуға, көліктердің бүлінуіне себеп болуы мүмкін. Егер беті дұрыс жабылмаған немесе қақпағы жоқ құдықты көрсеңіз, біздің Facebook-тегі және Instagram-дағы парақшаларымызға дереу хабарлаңыз, - дейді «Атырау Су Арнасы» КМК баспасөз қызметі.

45-43-25, 45-47-11, 39-05-81 телефондарына да қоңырау шалуға болады.

Анастасия АЛЮШИНА 

Суретті түсірген автор

14 қараша 2019, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.