Атырау, 23 қараша 23:21
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Таршылықтағы соңғы туынды

Сурет
4 636 просмотра


Атырау облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде сотталғандар жасаған бұйымдардың көрме-байқауы өтті. Онда жиһаз, суреттер, түрлі кәдесыйлар, тіпті таксофондық карталардан жасалған қобдиша да бар.

Мысалы, әйелдерді түзеу колониясы (УГ-157/11) көрмеге сервиз қойды. Сотталған Гүләйым оған романтикалық «Күзгі түн» деген атау беріпті. Бұл ыдыстар сабын қалдықтарынан жасалған. Колония өкілдерінің айтуынша, Гүләйым моншада жұмыс жасайды және өз туындысына қажетті материалды ұзақ уақыт жинаған.  

Анна үш апта ішінде ескі диванды қайта жаңартып, керемет жиһазды көрмеге қойды. Ол колонияға қарасты кәсіпорында жиһазды қалпына келтірумен айналысады.

Ғалия сурет салумен шұғылданады және абстракция элементтері бар көрініс бейнеленген суретті әкелді. Айтпақшы, көрме өтетін күні ол шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Ол алаяқтық үшін екі жыл жеті ай уақытын осы жерде өткізген екен.

Колониядағы әйелдерддің кейбіріне аптасына, кейбіріне айына бір рет телефон арқылы сөйлесуге болады. Көрмеге қатысушылардың бірі қолданылған таксофон карталарын жинап, скотч пен желімнің көмегімен әп-әсем қобдиша жасап шығарды.

ҚАТЖ сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі топтың бас маманы Олжас ЖАМАНБАЕВТЫҢ айтуынша, көптеген сотталғандар қолда бар материалдардан түрлі бұйымдар жасап, шеберлік танытады екен.

- Олардың жұмысы колония басшылығының назарына ілігіп, көтермелеу шараларын қолдану кезінде ескеріледі және болашақта шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға септігі тиеді.

Көрме-байқаудан кейін бұйымдар жетім балалар мен қарттар үйіне тапсырылды.

Фархат ӘБІЛОВ 

Суретті түсірген автор

14 қараша 2019, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.