Атырау, 15 наурыз 19:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Атырауда

Түтіні түзеу шыққан ауыл Басқа жаңалықтар

Түтіні түзеу шыққан ауыл

Совет үкіметі кезінде Қызылқоға ауданындағы Соркөл елді мекені ферма орталығы болған, алайда қазір көп нәрселер өзгерді.  «АЖ» тілшісі Мұқырдан 80 шақырым шалғайда жатқан 70-ке жуық тұрғыны бар осы ауылдың жай-күйімен танысып көрді. Сурет Бейнежазба 10 қазан 2018, 14:20 7 488 рет қаралды
Көлікті сенімхатпен сатсаң, салықты өзің төле. Aйыппұл салмайды, тек өсім қосылады Басқа жаңалықтар

Көлікті сенімхатпен сатсаң, салықты өзің төле. Aйыппұл салмайды, тек өсім қосылады

Соңғы кездері оқырмандар көлік салығының есептелуіне қатысты «АЖ» редакциясына көп жүгінеді. Олардың пікірінше, салық қызметкерлері баяғыда сатылып кеткен көліктер үшін ақы төлеуді заңсыз талап етеді. Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Жәнібек НҰРЖАНОВ редакция сауалына жауап берді. 10 қазан 2018, 10:00 3 167 рет қаралды
«Доссор көшіріледі деген қаңқу сөз» Басқа жаңалықтар

«Доссор көшіріледі деген қаңқу сөз»

Соңғы жылдары Атырау облысы Мақат ауданына қарасты Доссор кентін облыс орталығына көшіріледі-мыс деген алып-қашпа әңгіме желдей есіп тұр. Әңгіменің шығуына себеп те жоқ емес. Доссор – қазақ мұнайының бесігі, 2009 жылы мұнайдың алғаш өндірілуіне 100 жыл толуы салтанатты аталып өтті. Сол кезде «Қазмұнайгаз» есебінен кент маңындағы Қошқар, Комсомол және Бек-Бике ауылдарын көшіру туралы шешім шықты, өйткені сол жерлердегі ескі мұнай кен орындарында өндіріс бітуге жақындап, шағын ауыл халқы жұмыссыз және инфрақұрылымсыз қалған-ды. Қошқар, Комсомол және Бек-Бике 2010 жылы Атырауға «көшіп», үш жылдан кейін Байшонас пен Ескене де көш басын бері бұрды. Салыстыра қарасақ, әрине, бұлар – шағын ауылдар, ал 13 мың тұрғыны бар Доссормен қалай болады? 9 қазан 2018, 15:52 6 299 рет қаралды
Жаңаша есептеу Басқа жаңалықтар

Жаңаша есептеу

«Жер үшін төленетін салық қымбаттап кеткен, бұрын төлеген салығымыз қате есептелінген деп жатыр», «Бұрындары жер үшін аз ғана салық төлесек, қазір одан бірнеше есе төлеуіміз керек» - бұл редакцияға хабарласқан оқырмандарымыздың шағымдары. «АЖ» осы мәселеге жауапты екі мекеме – Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен қалалық жер қатынастары бөліміне хат жолдады. 9 қазан 2018, 15:40 2 545 рет қаралды
"Шикі" іс Басқа жаңалықтар

"Шикі" іс

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандарылған ауданаралық сотында атышулы қылмыстық істің басты фигуранттары - «Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС құрылтайшыларының бірі және менеджмент және логистика бойынша директоры Алмаз ҚОЖАҒАЛИЕВ пен «Inter Oil Export» ЖШС директорының орынбасары, Белорусь Республикасының азаматы Сергей КУНЦЕВИЧТЕН жауап алу басталды. PR Бейнежазба 26 қыркүйек 2018, 10:34 4 327 рет қаралды
Өнерде шекара жоқ Қоғам

Өнерде шекара жоқ

Атырауда «Сұлулық әлемді құтқарады» тақырыбымен халықаралық суретшілер симпозиумы өтіп, оған Қазақстан мен шетелдің 30-дан астам қыл қалам шеберлері жиналды. Олар Атырау мемлекеттік университетінде болған ғылыми конференцияға қатысып, «Ретро парк» саябағында АМУ-дің өнер факультетінде оқитын студенттер мен оқушыларға шеберлік сағаттарын өткізді. Сурет 9 қазан 2018, 10:14 4 728 рет қаралды
Көршінің жері көкорай Басқа жаңалықтар

Көршінің жері көкорай

Биылғы күннің ыстық, жауынның аз болуы өсімдік атаулының жаз ортасына жетпей-ақ күйіп кетуіне себеп болды. Бұл шаруаларға көп қиыншылық тудырды. «АЖ» тілшісі осы орайда аудандарда пішен дайындау, қыстақтардың қысқы дайындығы барысын зерделеді. 8 қазан 2018, 15:25 4 190 рет қаралды
Атырауда жолақыны электрондық жүйемен екі есе арзан төлеуге болады Басқа жаңалықтар

Атырауда жолақыны электрондық жүйемен екі есе арзан төлеуге болады

Атырауда қалалық қоғамдық көлік желісіне қосылған 20 жаңа автобустың таныстырылымы өтті. Барлығы да №14 маршрутта жүреді және  электрондық төлем жүйесімен қамтамасыз етілген. Сурет Бейнежазба 8 қазан 2018, 12:00 3 767 рет қаралды
Атырауға келген денсаулық сақтау министрі жүйені ауыстыру керектігін айтты Басқа жаңалықтар

Атырауға келген денсаулық сақтау министрі жүйені ауыстыру керектігін айтты

Атырауда ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВТЫҢ және батыстағы төрт облыстың медицина қызметкерлері мен шенеуніктерінің  қатысуымен «Медициналық көмектің сапасын және қолжетімділігін арттыру» атты екікүндік аймақаралық конференция өтті. Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау жүйесі дамып жатыр, алайда проблемалар да жоқ емес. Олардың бастысы – біліктіліктің төмендігі және дәрігерлердің тапшылығы (дегенмен, ол кадрлар тапшылығын жасанды деп есептейді). Пациенттерге дөрекі қарым-қатынас жасауға байланысты көп шағымдар бар. «Біз мұның бәрін талдап, жүйелік шаралар алуға тиіспіз», - деп мәлімдеді Біртанов. 8 қазан 2018, 12:11 3 342 рет қаралды
Атырауда прокуратура медициналық анықтамалардың құнын екі есе төмендетті Басқа жаңалықтар

Атырауда прокуратура медициналық анықтамалардың құнын екі есе төмендетті

Атырау облыстық прокуратурасы тексеру жұмыстары кезінде мұнай астанасындағы емханалардың "086у” (жұмысқа қабылдау үшін) және “083у” (жүргізуші куәлігін алу үшін) нысандарындағы анықтамаларды беру қызметінің құнын шарықтатып жібергенін анықтады. Оған мамандардың еңбекақы шығындары мен басқа да шығындар негізсіз енгізілген. 7 қазан 2018, 12:25 2 367 рет қаралды
Қасқыр ату лицензиясына енді ақша алмайды Қоғам

Қасқыр ату лицензиясына енді ақша алмайды

Атырау облыстық табиғат қорғау прокуратурасы облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамы кеңесінің 09.06.2017 күнгі  қасқырлар мен қорқауларды аулауға арналған лицензия үшін тоқсан сайын 3 мың теңге және жылына 10 мың теңге төлемақы төлеуді белгілейтін шешімін жойды. 5 қазан 2018, 16:02 3 636 рет қаралды
Теңге жалғыз емес, рупий мен юань да әлсіреді Экономика

Теңге жалғыз емес, рупий мен юань да әлсіреді

Ұлттық банктің Атырау филиалы ұйымдастырған брифингте жаңадан тағайындалған директор Бақыт ҚОҒЫЛОВ күйреген қазақстандық үш банктің салымшыларына үміт беріп, ұлттық валютаның неліктен әлсіреп тұрғанын түсіндірді. Жалғыз «жұбаныш» - басқа көптеген елдерде де жағдай осындай екен. 5 қазан 2018, 15:58 4 142 рет қаралды
"Ұстазыма ғашық болғанмын" Басқа жаңалықтар

"Ұстазыма ғашық болғанмын"

Жылда қазан айында болатын Ұстаздар күні - алған білімі мен тәрбиесіне риза болатын бүкіл ұрпақтың мерекесі. Әрқайсымыздың жадымызда мектеп қабырғасындағы сәттер мен ұстаздарымыз туралы естеліктер сақталып қалған. Осы естеліктерімен «AЖ» оқырмандары да бөліскен еді. 5 қазан 2018, 14:58 4 756 рет қаралды
Атырауда «жедел жәрдем» көлігі мен кроссовер соғысып, фельдшер көз жұмды Басқа жаңалықтар

Атырауда «жедел жәрдем» көлігі мен кроссовер соғысып, фельдшер көз жұмды

Бүгін, 4 қазанда Атырауда Құрманғазы мен Әлиев көшелерінің қиылысында Ford кроссовері мен «жедел жәрдем» көлігі соқтығысты. ЖКО нәтижесінде сол жерде «жедел жәрдемнің» 30 жастағы фельдшері көз жұмды. Бейнежазба 4 қазан 2018, 16:11 5 587 рет қаралды
Қозғалатын орындық және Керей ханның көлеңкесі Мәдениет

Қозғалатын орындық және Керей ханның көлеңкесі

Атырау мектептерінің біріндегі оқушылар қойған спектакльдің бейнежазбасын тамашалап отырып, жартылай мөлдір үлкен экранның ар жағындағы нәрсені кенеттен атып тұрып, жүгіріп кеткенше орындық екен деп ойладым. Бірақ «орындық» - денелері иілімді және ансамбльде жұмыс істей алатын бұл мектептегі көлеңкелер театрының жас актерлері сомдайтын бір бейне ғана емес. Міне, мынау танк, комбайн, мұнай тербелмесі, ал мынау Астанадағы көрнекті сәулет құрылымдары. 4 қазан 2018, 00:00 4 294 рет қаралды
Спорт жаңалықтары Спорт

Спорт жаңалықтары

Дене тәрбиесін дамыту орталығының қолдауымен Жайық жағалауында 2003-06 жылғы оқушылар арасында Ұстаздар күніне арналған «Күзгі кросс» өтті. «Жемчужина» профилакториясынан басталған сайысты жас желаяқтар «Атырау» ДСК-дегі мәреде аяқтады. 4 қазан 2018, 00:00 2 787 рет қаралды
2019 жылы Қашаған бір-екі айға тоқтайды Басқа жаңалықтар

2019 жылы Қашаған бір-екі айға тоқтайды

Астанада 1-3 қазан аралығында өткен Дүниежүзілік мұнай кеңесі (ДМК) аясында ДМК президенті Тор ФАЙЕРАН, ҚР Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур ТОҚТАБАЕВ және KAZENERGY Қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай ҚАРАБАЛИННІҢ қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. 3 қазан 2018, 19:23 3 009 рет қаралды
«ҚМГ БӨ» АҚ акциялары: сатқан жөн бе? Басқа жаңалықтар

«ҚМГ БӨ» АҚ акциялары: сатқан жөн бе?

«АЖ»-ға «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның артықшылық берілген акцияларының иегерлері - бірнеше Атырау тұрғыны хабарласты. Олар компанияның өз акцияларын сатып алу туралы ұсыныстарынан бас тартып отыр. Мұның алдында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық бас компаниясының өндіруші және мұнайсервис компанияларын тікелей басқаруға көшетіндігі туралы хабарлама жария болған еді. Тиісінше, жақын арада ҚМГ БӨ қызметі дербес шаруашылық субъектісі ретінде тоқтатылады. 3 қазан 2018, 16:31 3 367 рет қаралды
Махаббат, қызық мол жылдар... Басқа жаңалықтар

Махаббат, қызық мол жылдар...

Жуырда ұлттық арна арқылы көпшілікке жол тартқан «Жаным менің» телехикаясы көрерменнің көзайымына айналып, әлеуметтік желілерде кең талқылауға ие болды. Сериалға өткен ғасырдың 80-жылдарындағы ҚазГУ-дің журналистика факультеті студенттерінің түрлі оқиғаларға толы студенттік кездері, махаббатқа толы жастық шақтары, шынайы өмірі негіз болған. Прототиптерінің бірі - фильмде әндері орындалған, жерлесіміз, бард ақын Табылды ДОСЫМОВ. Жақында Атырауға фильм сценариінің авторы Арман СҚАБЫЛҰЛЫ келіп, «АЖ» тілшісі әңгімелесті.  Сурет Бейнежазба 3 қазан 2018, 11:30 12 358 рет қаралды
Сатушы құтылып, тасымалдаушы тұтылады Басқа жаңалықтар

Сатушы құтылып, тасымалдаушы тұтылады

Атырау облысында мұнай өнімінің заңсыз айналымынан мемлекетке құны 52 млн теңге залал келді. Бұл туралы облыс прокуратурасында өткен үйлестіру кеңесінде айтылды. 2017 жылы Атырау облысында 42,3 млн тонна мұнай өндірілді, бұл республикадағы өндірілген барлық «қара алтынның» 49,2%-ы. Алайда, байлықтың барлығы бірдей ел қазынасына түспейтін сияқты.   3 қазан 2018, 10:46 2 649 рет қаралды