Атырау, 27 сәуір 05:04
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Бейбарыста асылып қалған жас жұпқа қатысты іс жабылды

4 687 просмотра


Махамбет ауданындағы Бейбарыс ауылында 20 жастағы жігіт пен 18 жастағы қыздың өз-өзіне қол жұмсауы туралы істі сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды.

Естеріңізге салсақ, осы жылдың 12 тамызында жастар үй ауласындағы жазғы душқа асылып қалған болатын. Белгілі болғандай, қыз Бейбарыс ауылының тұрғыны, ал жігіт Талдыкөл ауылынан. Олар бір-бірімен бұрыннан таныс, қыздың биыл медицина колледжіне оқуға түскені де белгілі. Аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап, тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындаған еді.

Енді Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 35-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына («Іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауынан») сәйкес, іс тоқтатылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

31 қазан 2019, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.