Атырау, 24 қараша 23:16
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Бізді әзіл біріктірді"

Сурет
6 209 просмотра

31 қазанда Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында көңілді тапқырлар клубының (КТК) республикалық фестивалі өтті. Атырауда осымен бесінші рет өткізілген Атырау облысы әкімінің кубогына елімізден 10 команда қатысып, өнер көрсетті. Оның алтауы - атыраулық командалар.

Әзіл кешін белгілі әзілкеш және шоумен Тұрсынбек ҚАБАТОВ жүргізіп, ойыншылардың өнеріне облыста журналистика, кәсіпкерлік, спорт және жастар саясаты саласы өкілдері қазылық етті. Ойынның ерекшелігі - қазылар жеңімпазды ұпай санымен емес, ақылдаса шешті. Қазылар алқасы шешімімен Атырау облысы әкімінің кубогы мен 300 мың теңгені Құлсары қаласынан келген «Құлсары» құрамасына бұйырды. Жүлделі екінші орын мен 200 мың теңге сыйлықты Орал қаласынан келген «Прайт» командасы, үшінші орынды (100 мың теңге) Ақтөбе облысының «Жұбанов» құрамасы иеленді. Бұдан бөлек, атыраулық «Жерұйық» командасының ойыншысы Шыңғыс РАХМАШЕВ «Үздік ойыншы» атағына ие болды.

Али-Самет АЙТБАЕВ «Құлсары» құрамасының жетекшісі әрі редакторы: 

- Естеріңізде болса, 2009 жылы «Жайдарман» ойындарының жоғары лигасында Батыс өңірі бойынша ең алғаш «Құлсары» командасы чемпион атанған еді. Одан кейін команда құрамындағылардың бәрі әр жаққа тарап, әзіл саласында тек жалғыз өзім қалдым. Құлсарының атын өшірмес үшін ауыл жастарының басын қосып, жаңадан команда құрдым. Жігіттер әр салада, тіпті, бірқатары вахтада жұмыс істейді. Бізді біріктіретін - әзіл.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

4 қараша 2019, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.