Атырау, 8 желтоқсан 14:50
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Сарқын суды енді жеке меншік көліктер ғана сорады

3 882 рет қаралды


«Атырау Су Арнасы» КМК жыл соңына дейін ақылы түрде сарқын суды (септиктерді) сору қызметін көрсетпейтіндігін мәлімдеді. Кәсіпорынның баспасөз қызметінің жетекшісі Азамат СӘРСЕМБАЕВТЫҢ айтуынша, бұл қызмет тиімсіз.

- Біз монополист немесе осы нарықтағы ірі қатысушы емеспіз. Бізде тек 19 вакуум бар. Бәлкім, бұл нарықты жеке фирмалар монополияға алатын шығар, - деп жауап берді АСА өкілі.

Дегенмен де, кәсіпорын әлеуметтік міндеттемелерден босатылмайды және көп су басқан, орталық кәріз желілерінде ақаулар болған және т.б. кездерде тұрғындарға қызмет көрсетуді жалғастырады.

- Бізде 8 вакуум бар, - деп хабарлады өз кезегінде «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің баспасөз қызметінде. - Біздің компания ешқашан жеке тұлғалардың өтініші бойынша ақылы қызметпен айналысқан емес, біз тек заңды тұлғалармен жұмыс жасаймыз. Маусымдық нөсер кезінде де суды тартып шығарамыз. Бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандарға - балабақшаларға, мектептерге, емханаларға, содан кейін су басқан аймақта орналасқан орталық көшелер мен ықшамаудандарға назар аударылады.

Шынымен де енді бұл нарық жеке кәсіпкерлерге өтетін шығар. Олар көктемде бір рейстің құнын 5 мыңнан 7 мың теңгеге дейін көтерген еді. Бәлкім, олар осы жағдайды пайдаланып, бағаны одан сайын көтеріп жіберетін шығар.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 қараша 2019, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.