Атырау, 24 қараша 00:36
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Керексіз затыңды беріп, керегіңді алып кет

Сурет
4 528 просмотра


Атырауда екінші рет «дармарка» өткізілуде. Оның қағидасы қарапайым: қатысушылар үйлерінен өздеріне аса қажет емес заттарды алып келіп, басқалар әкелген заттардан алып кетеді.


Атыраудағы алғашқы «дармарка» және қалдықтарды жинау 29 қыркүйекте Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өткен еді. Бұл жолы шара 3 қарашада сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін Ретро-саябақта өтеді.


- Жалпы, мұндай жәрмеңкелерді ай сайын өткізгіміз келеді. Алдағы жәрмеңкеде еріктілер әкелінген заттарды, атап айтқанда, киім-кешекті, кітаптарды, компакт-дискілерді, жарамды тұрмыстық керек-жарақтарды, электронды тауарларды және т.б. қарап шығып, жайып қояды, сосын ережелерді түсіндіреді. Бұдан басқа, жәрмеңкеге қатысушылар қызметтермен алмаса алады, - дейді «Атырау ЭКО» ұйымының еріктісі Айгүл.


Егер бір нәрсені екі адам қатар алғысы келсе, онда жеңімпаз «тас, қайшы, қағаз» ойынының көмегімен анықталады. «Жәрмеңкеге» іш киімдер, пайдаланылған косметикалық құралдар мен жұмсақ ойыншықтар қабылданбайды. Іс-шарадан кейін қалған барлық заттар тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасыларға таратылады.



Бұдан басқа, «дармарка» аясында сұрыпталған қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдаудың жылжымалы пункті ұйымдастырылады. Оларды «Эко-Рециклинг» ЖШС компаниясы алып кетеді.

Анастасия АЛЮШИНА

«Атырау Эко» ұсынған алдыңғы «дармарка» суреттері 

31 қазан 2019, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.