«Атырау Су Арнасы» КМК-не жүргізілген қаржылық-техникалық аудит нәтижелері бойынша, осы жылдың тамыз айында кәсіпорынды сенімгерлік басқаруға алған жаңа иесі өз ниетінен бас тартуды ұйғарды.
Кәсіпорынды жаңғырту және озат технологияларды енгізу үшін «Диар и компания» ЖШС ретінде жеке инвестор КМК-ға өз қаражатын салуы тиіс еді. Алайда, аудит жүргізілгеннен кейін инвестор «Атырау Су Арнасы» КМК-ын сенімгерлік басқарудан бас тартуға шешім қабылдады.
«АСА» баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, мұндай шешім қабылдауға Экология департаментінің 30 млрд теңге көлемінде салған айыппұлы, экологиялық заңдарды сақтамағаны үшін 133 млн теңге айыппұлы, сондай-ақ «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-нің 1,5 млрд теңге мөлшеріндегі залалын өтеу және «Орал-Атырау бекіре тұқымдас балық өсіру зауыты» РМҚК-ның 429 млн теңге көлеміндегі залалын өтеу туралы талаптары маңызды рөл атқарған.
Инвестордың пікірінше, бұл проблемалар «Атырау Су Арнасы» КМК-ын дамыту жоспарларын толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Баспасөз қызметі «АСА» КМК штаттық режимде жұмысын жалғастырады деп хабарлайды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА