Атырау, 8 желтоқсан 14:47
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Жылу құны төмендеді

3 301 рет қаралды


«Қалалық тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС жылу тарифін төрттен бір есеге төмендетті. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департаменті хабарлады.

Тарифтік сметаны игермеуіне байланысты кәсіпорынға 2019 жылдың 1 желтоқсанынан 2020 жылдың 30 қарашасына дейінгі мерзімге дейін гигакалория үшін 2617,57 теңге көлемінде уақытша өтемдік тариф бекітілгендігі хабарланды. Тарифтің төмендетілуі 25% құрады, тұтынушыларға соның есебінен жыл бойына 21,8 млн. теңге қайтарылатын болады.

Еске сала кетейік, аталмыш ЖШС Балықшыда 4 көппәтерлі үйді және ЖЭО жүйесіне қосылмаған Нұрсая ықшамауданындағы 36 үйді жылумен қамтамасыз етеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

31 қазан 2019, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.