
Қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы Алмас СӘРСЕНОВТІҢ айтуынша, Жилгородоктағы жаяу жүргінші көпірінің маңы, Баймұханов көшесіндегі №3 емхана ғимаратының алдыңғы аумағы және Азаттық даңғылындағы №49 тұрғын үйдің маңынан бастап, жағалауға дейінгі аралық, Сатпаев даңғылында орналасқан №15 мектептің аумағы, Исатай және Уәлиханов көшелерінде жұмыстар жалғасады. Бұдан басқа, Нұрсая ықшамауданындағы №40 мектеп және №103 тұрғын үй аумағына дейін жаяу жүргіншілер жолы салынады. ТКШ бөлімі Көкарна ықшамауданы тұрғындарының өтінішін ескере отырып, бұл аймақтың 11-ші өткеліне де жаяужол салуды жоспарға енгізді.
Тұрғындар тарапынан түскен ұсыныстар мен өтініштерге сәйкес, қала және қала аумағына қарасты елдімекендер мен ауылдық округтерге, ұзындығы 207 шақырымды құрайтын 205 көшеге жаяужүргіншілер жолын салу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталуда.
Анастасия АЛЮШИНА
Суретті түсірген автор
6 қараша 2019, 10:35
В Атырау 0