Орыс халқында екі жұт - ақымақ жандар мен жолдар туралы мәтел сөз бар. Бұған мен Атыраудағы жаяужолдарды да қосар едім. Міне, соған куә суреттер.
Қозғалысы көп көшелердегі, мысалы, Азаттық даңғылындағы жаяужолдардан бастайық. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ұқыпты орнатылған бетон пандусқа баға беріңіз.
Егер әрі қарай жүрсеңіз, Азаттық пен Әліпов көшелерінің қиылысынан осындай жаяужолды көруге болады.
Ал сәл әрігірек – жаяу жүргіншілер өткеліне апаратын және жиектаспен жабылған жаяужол бар.
Азаттық даңғылының келесі жағында, SuleimenTower бизнес орталығы ғимаратының қарсысында осындай жаяужол бар. Тіпті, біреулер бұл жерге өткіншілер аяқтарын шалшыққа былғамас үшін жаяужол плиталарынан бірнеше кеспе тасын төсеп тастаған.
Егер бұрылып, «Ақ Жайық» қонақ үйі мен өлкетану мұражайына қарай барсаңыз, мынаны көруге болады:
Достар, бұл өлкетану мұражайының жанындағы Азаттық даңғылы мен Б.Момышұлы көшесінің қиылысында.
Бұл да сол өлкетану мұражайының жанындағы Б.Момышұлы көшесінің бойындағы жаяужол.
Бірақ бұл көшенің жаяужолдарына қатысты хикая мұнымен бітпейді. Бұл көлік прокуратурасының жанындағы жаяужолдың аяқталған жері.
Жалпы, бұл қиылыстағы жаяужолдың бейнесі осындай.
Сәл әрігірек Б.Момышұлы көшісінің бойында:
Б.Момышұлы көшесінің М.Өтемісов көшесімен қиылысқан жері осылай аяқталады.
Ал жаңбырлы күндері мынадай:
Әр жылдары бұл жерде шұңқырлар қазылады, кейін көміледі. Ал бір кездері жаяужолдарға төселген асфальт кесектері кейіннен жолдың шетінде жиналмастан жылдар бойы солай жатады.
Қазір тағы да жаяужолдың бойын қазып тастаған. Асфальт бөліктерін кері орнына салған кезде алғашқы нөсерден кейін олар шайылып кетпей ме екен?
Орталық ықшамаудандағы үйлердің аулаларын қарап шыққан едім.
Осылай да жарап қалады:
Ал мынау «Рахат» аялдамасының жанындағы жаяужол.
Ал мынау Әбілқайыр хан даңғылының бойындағы «Тамаша» сауда-ойын сауық орталығының жанында.
Анастасия АЛЮШИНА
Суреттерді түсірген автор