Атырау, 24 қараша 01:07
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Қауесетке сенудің қажеті жоқ, «Тойота Камри» жүргізушісі абақтыда отыр»

4 386 просмотра


Әлеуметтік желілерде 21 қыркүйекте Баймұханов көшесінде 17 жастағы жасөспірімді қағып өлтірген «Toyota Camry-50» көлігінің 22 жастағы жүргізушісі бостандықта жүр деген ақпарат таралуда. Алайда ол апат болған күннің ертесіне екі айға тергеу абақтысына қамалған болатын. «AЖ» тілшісі осыған қатысты Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВҚА қоңырау шалған еді.

- Мамандандырылған тергеу сотының шешіміне сәйкес, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу «Адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы» деген 345-баптың 3-тармағы  бойынша жалғасуда, - деді облыстың бас полицейі.

Сондай-ақ, ол азаматтарды жалған ақпарат таратудан аулақ болуға шақырып, оны таратқаны үшін, тіпті әлеуметтік желілер арқылы таратқаны үшін де қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертті.

Фархат ӘБІЛОВ

2 қараша 2019, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.