Атырау, 22 қараша 15:09
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Қытай компаниясы Жайық сағасын тазартады

Сурет
3 892 просмотра


Жайық-Каспий кеме қатынастары арнасында Қарабатандағы біріктірілген газ-химия кешені (БГХК) құрылысының мердігері - қытайлық CNCEC компаниясының тапсырысымен келесі жылдың мамыр айындағы су тасқыны кезінде арналардан БГХК құрылыс алаңына арналған ірі габаритті жүк баржалары өту үшін тереңдету жұмыстары жүргізілуде.


Жүк салмағы шамамен 5 мың тонна болады. Ал қазір кейбір жерлердегі арна тереңдігі - 20 сантиметр.


БГХК құрылысының бірінші кезеңінің операторы «KPIInc.» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Қайрат ОРАЗБАЕВТЫҢ айтуынша, CNCEC компаниясының кеме қатынастары арнасы бойынша жүк баржаларының қауіпсіз өтуі үшін Жайық-Каспий арнасында ені 32 метр, тереңдігі 2 метр параметрлері бойынша тереңдету жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыс көлемін анықтау үшін батиметриялық (арнаның су астындағы рельефін зерттеу) және топографиялық зерттеулер жүргізілді.

Тереңдету жұмыстары Жайықта балықтың жүруіне (балықтың өтуіне) ықпал етуі тиіс.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

KPI ұсынған суреттер

12 қараша 2019, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.