Атырау, 23 қараша 22:42
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстандық компаниялар өтемақы алады

2 968 просмотра


«Дружба» құбырындағы мұнайдың ластанғаны үшін қазақстандық 14 компания өтемақы алады: «ҚазТрансОйл» АҚ және «Транснефть» ЖАҚ Усть-Луга портынан кондицияланбаған мұнайды жөнелту салдарынан келтірілген залалды өтеу туралы келісімге келді.

«Қазіргі уақытта қазақстандық 14 мұнай компаниясына өтемақы төлеу туралы келісімдерге қол қойылды. Қалғандарының пайдасына осындай келісімдер жасау олардың дайын болуына қарай жоспарлануда», - деп хабарлады «ҚазТрансОйл» АҚ-ның баспасөз қызметінде.

Естеріңізге салсақ, осы жылдың сәуір-мамыр айларында ЖАҚ магистральдық құбыр жүйесіне хлорорганикалық қосылыстардың жоғары мөлшері түскен, ал қазақстандық жүк жөнелтушілер кондициялық емес шикізатты Усть-Луга портындағы танкерлерге тиеген еді.

Құбырдағы бұзылған қазақстандық мұнай көлемі - 699 мың тонна.

«Транснефть» ЖАҚ директорлар кеңесі орындау тәртібін бекітіп, кондицияланбаған мұнайдың 1 баррелі үшін $15 мөлшерінде өтемақы төлеудің шекті көлемін мақұлдады. Осылайша, Қазақстан 76 миллион доллардан астам қаражат алуы мүмкін.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

13 қараша 2019, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.