Атырау, 12 қазан 21:05
 дождьВ Атырау +19.6
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Атырауда

Ертең Атырау облысында күзгі аңшылық маусымы басталады Атырауда

Ертең Атырау облысында күзгі аңшылық маусымы басталады

15 қыркүйекте Атырау облысында күзгі аң аулау маусымы басталады. Бұл туралы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Нұрлан ИМАНҒАЛИЕВ мәлім етті.  14 қыркүйек 2022, 18:27 1 561 рет қаралды
Ұңғыма жөндеушілер ереуіл жариялады Атырауда

Ұңғыма жөндеушілер ереуіл жариялады

Қыркүйектің 13-інен 14-іне қараған түнде Исатай, Жылыой, Мақат, Қызылқоға аудандарындағы «ҚазТехМұнайСервис» ЖШС-нің жұмысшылары еңбекақыны көтеруді және «Ембімұнайгаз» мекемесінің қарамағына қайтаруды талап етіп, түнгі ауысымға шығудан бас тартты. Олар ҚР президентіне де видеоүндеу жолдаған. Бүгін түнгі ауысымдағы жұмысшылардың қатарына күндізгі уақытта жұмыс істейтіндер де қосылды. Бейнежазба 14 қыркүйек 2022, 16:26 1 791 рет қаралды
Қала маңындағы кейбір маршрут бұрынғы бағытына қайтарылды Атырауда

Қала маңындағы кейбір маршрут бұрынғы бағытына қайтарылды

Еске салсақ, 23 тамызда 30 автобустың 12-сінің бағыты өзгерген еді. Қала маңындағы тұрғындар үшін ауылдық округтер мен қала арасында қатынайтын автобустардың енді қалаға кірмейтіні наразылық тудырған болатын. Өйткені бұрын жұмысқа екі автобуспен баратын болса, енді үш автобуспен жүруге мәжбүр. 14 қыркүйек 2022, 13:30 1 612 рет қаралды
Индер ауданының жаңа әкімі – Дарын Шамұратов Атырауда

Индер ауданының жаңа әкімі – Дарын Шамұратов

Бүгін, 14 қыркүйекте Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Индер аудандық мәслихатының депутаттарына ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісілген жаңа аудан әкімінің кандидатурасын ұсынды. Ол - Дарын ШАМҰРАТОВ. 14 қыркүйек 2022, 12:51 2 432 рет қаралды
Махамбет ауданында жаңа әкім Атырауда

Махамбет ауданында жаңа әкім

Бүгін, 14 қыркүйекте бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Қайрат НҰРЛЫБАЕВ Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалды. Оны Махамбет аудандық мәслихатының депутаттарына облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВ таныстырды. Оның кандидатурасы ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісілген, - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Сурет 14 қыркүйек 2022, 11:39 2 170 рет қаралды
Нұрлан Жантоқов: «Жер астындағы су қорын сақтау үшін ұңғымаларға кран орнату керек» Экология

Нұрлан Жантоқов: «Жер астындағы су қорын сақтау үшін ұңғымаларға кран орнату керек»

Атырау облысының Жылыой ауданы аумағында жер астынан өздігінен шығып жатқан 180 гидрогеологиялық ұңғыма бар. Ұңғымадан атқылаған жер асты суы үлкен көл болып, далаға жайылып жатыр. Жер асты су қоры шексіз емес, бір күні ол да сарқылады. Атырау облысы онсыз да ауыз су тапшылығы қаупінің алдында тұрғанда неге барлық ұңғыманы крандық режимге көшірмеске? Бұл қаншалықты шығынды әрі техникалық жағынан қиын?  14 қыркүйек 2022, 00:01 2 832 рет қаралды
Бәйгеде «Сакура» мен «Қамалға» тең келер жүйрік болмады Атырауда

Бәйгеде «Сакура» мен «Қамалға» тең келер жүйрік болмады

Қызылқоға ауданы Миялы ауылында Атырау облыстық «Бәйге» федерациясы мен «Qazaq Golden Steed» серіктестігі  ұйымдастырған тай бәйге және құнан бәйгесі өткізілді. Оған еліміздің 8 облысынан 70 шабандоз жиналды. Сурет 13 қыркүйек 2022, 13:03 1 890 рет қаралды
ММА шебері Қуат Хамитов: «Жеңісімді қаңтар оқиғасының құрбандарына арнаймын» Спорт

ММА шебері Қуат Хамитов: «Жеңісімді қаңтар оқиғасының құрбандарына арнаймын»

Атырау қаласындағы «Жайық» спорт кешенінде аралас жекпе-жектен «Mergen Fighting Championship» ІІІ турнирі өтті. Спорт кешіне Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Ресей елдерінен 24 спортшы өнер көрсетті. Танымал спортшылар Қуат Хамитов, Дамир Исмагулов, Нұрберген Шарипов басты жекпе-жектерде айқасты. Сурет Бейнежазба 13 қыркүйек 2022, 12:33 2 107 рет қаралды
«Атырау» – «Тобыл»: албан ойыншысы көзге түсті Спорт

«Атырау» – «Тобыл»: албан ойыншысы көзге түсті

Футболдан Қазақстан чемпионатының 19-туры аясындағы матчта «Атырау» ФК сырт алаңда қостанайлық «Тобылмен» ойнап, күтпеген жерден жеңіске жетті. Бұл нәтижеге жуырда «Атырау» командасымен келісімшартқа отырған албан текті 26 жастағы солтүстік-македониялық легионер Демир ИМЕРИ (суретте) қол жеткізді. 13 қыркүйек 2022, 10:35 1 592 рет қаралды
Каспий итбалықтарына табиғи резерват қажет Экология

Каспий итбалықтарына табиғи резерват қажет

Каспий теңізінің қазақстандық акваториясында итбалықтар үшін мемлекеттік табиғи резерват құру жоспарлануда. Бұл тақырып бейінді ғылыми-зерттеу ұйымдарының қатысуымен ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінде өткен отырыста кеңірек мазмұнда талқыланды.  Сурет Бейнежазба 12 қыркүйек 2022, 17:38 2 087 рет қаралды
«Жедел жәрдем» көлік апатына ұшырады Оқиға

«Жедел жәрдем» көлік апатына ұшырады

11 қыркүйек сағат 19:30 шамасында Атырау қаласы Балауса ықшамауданында жедел-жәрдем көлігінің қатысуымен жол-көлік апаты орын алды. Полиция департаменті хабарлағандай, «жедел жәрдем» екінші дәрежелі жолдан шығып, басты жолмен келе жатқан Toyota Land Cruiser көлігіне соқтығысқан. 12 қыркүйек 2022, 11:41 1 630 рет қаралды
Спортшы әрі құтқарушы Женя Қоғам

Спортшы әрі құтқарушы Женя

2 қыркүйекте 16 жастағы байдарка есуші Евгений РУСАКОВТЫҢ «Атырау» ДСК маңында Жайыққа батып бара жатқан 5 жасар баланы құтқарып қалғаны оқырмандарымыздың есінде шығар. «АЖ» тілшісі осы оқиғаның егжей-тегжейін анықтап, осынау тамаша бозбаламен жақын танысқан еді. Сурет 11 қыркүйек 2022, 16:23 1 940 рет қаралды
Отбасылық жанжал: кей әйелдің қолында оқтау болады Атырауда

Отбасылық жанжал: кей әйелдің қолында оқтау болады

Осы жыл басынан бері Атырау полициясына тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 1529 арыз түскен. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Атырау облысы бойынша полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Раиса АЙТЖАНОВА мәлім етті. 11 қыркүйек 2022, 12:45 2 531 рет қаралды
Түнгі рейд: мас күйінде көлік жүргізу және махаббат «драмасы» Атырауда

Түнгі рейд: мас күйінде көлік жүргізу және махаббат «драмасы»

Заңнама күшейгенімен, Атырауда көлікті мас күйінде басқарғандар саны азаймай отыр. «АЖ» тілшісі полициямен бірлесіп, мас жүргізушілерді ұстау үшін түнгі рейдке шығып, тәртіп сақшыларының араласуын қажет еткен махаббат хикаясына куә болды. Сурет Бейнежазба 10 қыркүйек 2022, 19:10 2 356 рет қаралды
Атыраудағы «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» төңірегіндегі мәселе Атырауда

Атыраудағы «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» төңірегіндегі мәселе

«Адырна» сайтында Атырауда жаңа ашылған «Қазақ ұлттық қыздар мектебінде» сәләфи исламистердің бүлдіршін қыздардың құқығын таптап, бет-жүзін тұмшалауға итермелейтіні туралы ақпарат шықты. Бұл қаншалықты рас екенін анықтау үшін  тиісті орындарға сауал жолдадық. 10 қыркүйек 2022, 16:10 3 361 рет қаралды
Күрек ұстаған бұзақының психикалық дерті бар болып шықты Оқиға

Күрек ұстаған бұзақының психикалық дерті бар болып шықты

8 қыркүйекте Индербор кентінде аудан әкімияты ғимаратының есігін, "Белес" сауда үйі мен жылу пунктінің есік-терезелерін күрекпен қиратып, елді дүрліктіріп жүрген адам ұсталды.  10 қыркүйек 2022, 16:20 2 159 рет қаралды
Атырауда 20 жезөкше ұсталып, есепке алынды Оқиға

Атырауда 20 жезөкше ұсталып, есепке алынды

Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «STOP-Трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Авангард мөлтек ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтады. Жезөкшелікпен айналысатын 15 азаматша ұсталып, есепке қойылды. 10 қыркүйек 2022, 16:12 2 358 рет қаралды
Бақытгүл Хаменова: «Рысқалиев сыбырлап сөйлесе бастады, сосын мен де сыбырлап сөйлестім» Хаменованың ісі

Бақытгүл Хаменова: «Рысқалиев сыбырлап сөйлесе бастады, сосын мен де сыбырлап сөйлестім»

Атырау облысы әкімінің экс орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВАҒА қатысты іс бойынша сот отырысы Атырау қалалық №2 сотта 5 күн қатарынан жалғасты. Іс бойынша сотталушы ретінде облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек РЫСҚАЛИЕВ пен «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай АДАМОВ қатысып отыр.   Бейнежазба 10 қыркүйек 2022, 13:04 3 062 рет қаралды