Атырау, 23 желтоқсан 07:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Индер ауданының жаңа әкімі – Дарын Шамұратов

2 062 рет қаралды

Бүгін, 14 қыркүйекте Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Индер аудандық мәслихатының депутаттарына ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісілген жаңа аудан әкімінің кандидатурасын ұсынды. Ол - Дарын ШАМҰРАТОВ.

Д.Шамұратов - Индер ауданы, Бөдене ауылының тумасы. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін «география» мамандығы бойынша және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, кейін Индер ауданы әкімі аппаратында бас маман, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. Осы тағайындауға дейін Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 қыркүйек 2022, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.