Атырау, 21 мамыр 14:18
 ашықВ Атырау +18
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Қала маңындағы кейбір маршрут бұрынғы бағытына қайтарылды

961 просмотра

Еске салсақ, 23 тамызда 30 автобустың 12-сінің бағыты өзгерген еді. Қала маңындағы тұрғындар үшін ауылдық округтер мен қала арасында қатынайтын автобустардың енді қалаға кірмейтіні наразылық тудырған болатын. Өйткені бұрын жұмысқа екі автобуспен баратын болса, енді үш автобуспен жүруге мәжбүр.

– №50, 51, 57, 65 маршруттар бұрынғы бағытына қайтарылды, – дейді «Смарт Атырау» КММ директоры Арслан АРОНОВ. – Қалалық №30а бағыты ішінара жаңартылды. Ол жолай Нұрсая-3 ықшамауданына соғатын, бірақ ол жерде жолаушылар жоқтың қасы. Өзіміз осы бағытпен жүріп, тексердік. Қала маңындағы автобустар өз аудандарында, ал қалалық автобустар өз аумақтарында жүруі үшін маршрутты оңтайландыру ережелері аясында жүргізілді. Біріншіден, бұл қала маңындағы автобустар үшін қашықтықты қысқартып, олардың техникалық жағдайына оң әсер етер еді. Екіншіден, Атырауда жолдағы жүктеме азаяды, үшіншіден, қала маңындағы автобустар негізінен дизель отынымен жүреді, бұл да атмосфералық ауаға аса қолайлы емес. Өзгерістер тестілік режимде жүргізілді, біз жолаушылардың тілегін ескереміз, – дейді А.Аронов.

Бұдан басқа, №21,22,24 маршруттардың қозғалыс бағыты өзгерді. Бұған дейін соңғы аялдама Нұрсая (Болашақ) ықшамауданында еді. Бірақ жолдың тарлығынан кептеліс пайда болатын. Енді олардың соңғы аялдамасы - әуежай маңында.

«Смарт Атырау» басшысының айтуынша, автобустардың қысқа мерзімде жетіспей қалуы дизель отынының тапшылығымен байланысты болды – сараланған төлемге көшуге байланысты оның бағасы екі есеге өсті. Бүгінде бұл мәселе шешілді.

– Өзге қалалардың үлгісі бойынша таңертең қарбалас уақытта Атырауға, ал кешкі уақытта – керісінше, қаладан қала маңындағы ауылдарға автобустар көбейетіндей етіп, қала маңындағы маршруттар қарқынын өзгерткіміз келеді, – дейді А.Аронов.

Жолаушылардың тағы бір шағымы – жүргізушілер микрофон арқылы аялдаманы хабарламайды. Ароновтың айтуынша, бұл мәселе көлік жүргізушілерінің жиналыстарында үнемі көтеріліп, микрофондардың жай-күйі тексеріліп отырады. Талап бойынша жүргізушілер аялдаманың атауларын хабарлауға тиіс, бірақ олар мұны үнемі жасай бермейді, бәлкім жолдан алаңдағысы келмейтін шығар. Жақында аялдама атауы айтылатын аудиожазбаны қосу туралы ұсыныс жасалды. Бұдан басқа, қозғалыс аралығы 15-20 минуттан аспауы керек.

«Смарт Атырау» басшысы тұрғындардың шағымын тудырған, әсіресе, қала маңындағы елді мекендердегі көлік тоқтайтын орын, аялдама, аялдама белгілерінің жоқтығы мәселесіне де тоқталды. Бұл мәселе бойынша осы айда жұмыс басталды. Көктемде осы жұмыстарды жүргізуге тендер жарияланды, бірақ конкурсты жеңіп алған фирма жұмысты орындай алмады. Сондықтан онымен келісімшарт бұзылып, жаңа конкурс жарияланды. Жолдың тарлығына байланысты автобус  тоқтайтын толыққанды орын мен аялдама салу мүмкін болмайтын жерлерге белгі орнатылады. Аялдамалар арасындағы қашықтық 400-800 метрден аспауы керек.

Балалардың жол жүру ақысына келетін болсақ - мектеп оқушысының фотосуреті бар картасы болса жеткілікті, олар үшін қоғамдық көліктегі барлық қозғалыс тегін. Студенттік карта ұстаушылар үшін – 50% төлем.

– Мектеп оқушыларының алғашқы екі жол жүру сапары ғана тегін, ал қалғанына жол ақысының 50 пайызын төлеу керек деген әңгімелерге заңды негіз жоқ. Мектеп оқушылары демалыс және каникул күндері тегін жүруге құқылы. Мектеп оқушысының жол жүру картасына ақша аударудың қажеті жоқ, – деді А.Аронов.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 қыркүйек 2022, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.