Атырау, 29 қараша 11:52
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Бәйгеде «Сакура» мен «Қамалға» тең келер жүйрік болмады

Сурет
1 510 просмотра

Қызылқоға ауданы Миялы ауылында Атырау облыстық «Бәйге» федерациясы мен «Qazaq Golden Steed» серіктестігі  ұйымдастырған тай бәйге және құнан бәйгесі өткізілді. Оған еліміздің 8 облысынан 70 шабандоз жиналды.

6 шақырымға созылған тай бәйгесінде 32 тайдың арасынан Жамбыл облысы, Қордай ауданынан келген Айдар Нұрмағамбетовтың «Сакура» атты сәйгүлігі мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. Оның иесіне автокөлік кілті табыс етілді. Мәре сызығынан екінші болып кескен сәйгүлікке 2 миллион теңге берілсе, үшінші орынға миллион теңге,  4-орынға 600 мың теңге, 5-орынға 400 мың теңге ұтыс берілді.

Құнан бәйгесі 12 шақырымға созылды. Бұл бәйгеде 27 құнанның арасынан шабандоз Қабыл Айтқабыл тақымдаған Айдар Нұрмағамбетовтың «Қамал» атты құнаны көмбеге бірінші жетті. Осылайша жамбылдық атбегі бәйгеге тігілген екінші автокөлікке қол жеткізді.  Мәреге алғашқы бес орынға келген шабандоздарға тай бәйгесіне берілгендей қаржылай сыйлық берілді. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

13 қыркүйек 2022, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.