Атырау, 23 желтоқсан 12:04
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Антикор Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша мәлімдеме жасады

2 240 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты пікірін айтты.

"Әлеуметтік желілерде сотталушы Бақытгүл Хаменованың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан оны негізсіз қудалау туралы мәлімдемесі бар ақпарат таратылуда.

Өткен жылдың желтоқсан айында Хаменова Мәдениет басқармасының басшысы А.Рысқалиевпен Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны және міндеттемелерді орындау барысында жалпы қамқорлығы үшін "Балқыту" ЖШС директоры У. Адамовтан алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында 4,5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін әшкереленгенін хабарлаймыз.

Оның әрекеттері жиналған дәлелдемелерді, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін, сондай-ақ күдіктілер мен куәлардың тікелей айғақтарын ескере отырып сараланады.

Тағылған айыптың негізділігі мен заңдылығы прокурормен расталды.

Хаменованың және басқа адамдардың кінәсі туралы қорытынды шешімді сот қабылдайды" делінген хабарламада.

10 қыркүйек 2022, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.