Атырау, 29 қараша 11:53
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Махамбет ауданында жаңа әкім

Сурет
1 564 просмотра

Бүгін, 14 қыркүйекте бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Қайрат НҰРЛЫБАЕВ Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалды. Оны Махамбет аудандық мәслихатының депутаттарына облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВ таныстырды. Оның кандидатурасы ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісілген, - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қайрат Нұрлыбаев еңбек жолын 1990 жылы бастады, бес жыл Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылындағы «Гурьев» асыл тұқымды қаракөл өсіру зауытында құрылыс цехының жұмысшысы, кейін бір жыл Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатында аға референт болып жұмыс істеді. Содан кейін бір жылдай Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылындағы «Мұқыр» акционерлік қоғамының орталық жылу қазандықтарында жөндеуші-техник болды.


1999-2003 жылдар аралығында Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі әкімінің аппаратында түрлі лауазымдар (маман, округ әкімінің орынбасары, округ әкімі) атқарған.

2003-2008 жылдар аралығында Құрманғазы ауданы әкімінің аппаратында түрлі қызметтер атқарған.

2008-2012 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2012-2019 жылдары Индер ауданы әкімінің орынбасары болды.

2019-2021 жылдары - Атырау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

2021 жылдың қаңтарынан бастап осы тағайындауға дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

Облыс әкімінің баспасөз қызметі ұсынған суреттер

14 қыркүйек 2022, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.