Атырау, 4 қазан 20:26
 ашықВ Атырау +11
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Ұңғыма жөндеушілер ереуіл жариялады

Бейнежазба
1 345 просмотра

Қыркүйектің 13-інен 14-іне қараған түнде Исатай, Жылыой, Мақат, Қызылқоға аудандарындағы «ҚазТехМұнайСервис» ЖШС-нің жұмысшылары еңбекақыны көтеруді және «Ембімұнайгаз» мекемесінің қарамағына қайтаруды талап етіп, түнгі ауысымға шығудан бас тартты. Олар ҚР президентіне де видеоүндеу жолдаған. Бүгін түнгі ауысымдағы жұмысшылардың қатарына күндізгі уақытта жұмыс істейтіндер де қосылды.

«ҚазТехМұнайСервис» ЖШС мұнай ұңғымаларын жөндеу жұмысымен айналысады. Ауысымдық жұмыс 14 күндік, еңбекақы - 250 мың теңге.

- Біз, біріншіден - еңбекақыны 100 пайызға көтеруді, екіншіден, бұрын біз «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарайтын едік, соған қайта қосуды, үшіншіден, еңбек демалысымызға қосымша ақы төлеуді талап етеміз. Біз бұл мәселелерді бірнеше рет басшылық алдына қойдық, бірақ нәтижесі жоқ. Амалсыздан жұмысты тоқтатуымызға тура келді, - дейді наразылыққа шыққандар. - Қашан талабымыз орындалғанша, наразылығымызды жалғастырамыз. Аштық жариялауға да бармыз. Отбасымызбен наразылықты жалғастыруымыз да мүмкін.

«ҚазТехМұнайСервис» ЖШС басшылығымен байланысу әзірге мүмкін болмады.     

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

«Қазтехмұнайсервис» ЖШС жұмысшылары жолдаған сурет пен бейнежазба

14 қыркүйек 2022, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.