Атырау, 29 наурыз 13:01
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атыраудағы «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» төңірегіндегі мәселе

2 654 просмотра
Ашық дереккөздерден алынған көрнекі сурет

«Адырна» сайтында Атырауда жаңа ашылған «Қазақ ұлттық қыздар мектебінде» сәләфи исламистердің бүлдіршін қыздардың құқығын таптап, бет-жүзін тұмшалауға итермелейтіні туралы ақпарат шықты. Бұл қаншалықты рас екенін анықтау үшін  тиісті орындарға сауал жолдадық.

Полиция департаменті бізге білім беру ұйымына қатысты ақпаратты Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тексеретінін, егер қылмыс құрамы болса, істі полиция департаментіне жолдайтынын хабарлады.

Қалалық білім бөліміндегі «АЖ» дереккөзі қалада жаңа ашылған «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» қалалық білім бөліміне бағынышты емес, жеке меншік білім беру ұйымы екенін хабарлады.

- Жаңадан ашылған білім беру ұйымдарына лицензия беру Атырау облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің құзыретінде. «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» Ұлттық білім беру деректер қорында тіркелген, ал лицензиясы туралы мәліметтер жоқ, - деп хабарлады қалалық білім бөліміндегі біздің дереккөзіміз. – Атырауда қазіргі уақытта 14 жеке меншік білім беру ұйымы бар, онда 2070 бала білім алуда. Оның ішінде 76 оқушы «Қазақ ұлттық қыздар мектебінде» білім алып жатыр.

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының м.а. Бердібек ТАИШЕВ аталмыш жеке ұйымға өкілетті органдардан лицензия берілмегендігін және бұл ақпарат негізінде тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

- Тексеру қорытындысы бойынша барлық қажетті шара қабылданады. Айта кетейік, Қазақстан зайырлы мемлекет болып саналады және барлық ұйым, соның ішінде жеке білім беру ұйымдары да қолданыстағы заңнаманы сақтауға міндетті, - деді Б.Таишев.

Облыстық білім беру басқармасы да шамамен осындай мәтінде жауапты берді.

Айнұр САПАРОВА

10 қыркүйек 2022, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.