Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Жедел жәрдем» көлік апатына ұшырады

1 317 рет қаралды

11 қыркүйек сағат 19:30 шамасында Атырау қаласы Балауса ықшамауданында жедел-жәрдем көлігінің қатысуымен жол-көлік апаты орын алды. Полиция департаменті хабарлағандай, «жедел жәрдем» екінші дәрежелі жолдан шығып, басты жолмен келе жатқан Toyota Land Cruiser көлігіне соқтығысқан.

Соққы екпінімен жедел жәрдем көлігі жеке тұрғын үйдің металл қоршауына соғылған. Салдарынан жедел жәрдем көлігінің екі жолаушысы және Toyota жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

- Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда, - деп хабарлайды ПД.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

ПД ұсынған суреттер

12 қыркүйек 2022, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.