Атырау, 12 қазан 22:10
 дождьВ Атырау +19.6
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Цемент тасығыш тосыннан соққан

2 078 рет қаралды

Бүгін, 13 қыркүйек күні сағат 18:20-да Балауса ықшамауданында жол-көлік оқиғасы болды. Жарақат алғандар бар.

Атырау қалалық полиция басқармасы хабарлағандай, цемент таситын жүк көлігі екінші дәрежелі жолдан шығып кетіп, басты жолмен келе жатқан Toyota Ipsum көлігімен соқтығысқан.

- Соққыдан жүк көлігі бүйірлей құлап, көше бойында орналасқан жеке үйдің қоршауына соғылған. Оқиға салдарынан Toyota көлігінің екі жолаушысы мен жүргізушісі жарақат алып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлады полиция.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

Атырау облысы ПД жолдаған сурет


14 қыркүйек 2022, 00:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.