Атырау, 19 сәуір 14:59
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Каспий итбалықтарына табиғи резерват қажет

Сурет Бейнежазба
1 531 просмотра

Каспий теңізінің қазақстандық акваториясында итбалықтар үшін мемлекеттік табиғи резерват құру жоспарлануда. Бұл тақырып бейінді ғылыми-зерттеу ұйымдарының қатысуымен ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінде өткен отырыста кеңірек мазмұнда талқыланды. Бұл оқиғаның маңызы зор: өйткені мамандар алғаш рет теңіз итбалықтарының азайғанын айту үшін емес, популяцияны сақтаудың нақты шараларын талқылау үшін жиналды.

«АЖ» жиынға қатысушылардың бірі Гидробиология және экология институтының директоры және Каспий итбалығын зерттеушілердің қазақстандық тобының жетекшісі Мирғали БАЙМҰҚАНОВҚА хабарласты.

– Заңнамада көп нәрсені жетілдіру керек. Итбалықтарды сақтау бойынша белгілі бір шараларды қабылдау үшін құқықтық негізін жасау қажет. Бұл Каспийдегі мемлекеттік табиғи резерватқа да қатысты – заңнамалық негізсіз оны құру мүмкін болмайды немесе үміт ақталмайды, – дейді М.Баймұқанов. – Тағы бір жайт – теңізден кез келген шаруашылық әрекетті болдырмайтын қорықтық жерлерді таңдау қиын. Бұдан басқа, жануарлардың бүкіл теңізде өрістейтінін ескеру қажет. Ал оларды осы жерде қорғай отырып, олар мекендейтін басқа жерлерде де осы секілді шаралар алынады деп үміт ету керек.

– Басқа елдер туралы айтып отырсыз ба?

- Иә. Каспий теңізі бес мемлекетке тиесілі, сондықтан теңіздің қазақстандық бөлігінде ерекше қорғалатын табиғи аумақты (ЕҚТА) құрған кезде басқа елдермен де келіссөз жүргізу қажет. Кездесуде бұл мәселе де талқыланып, жақын арада Ресей, Әзірбайжан, Иран және Түркіменстан елдерінің қатысуымен кездесу өткізу жоспарланып отыр. Бір ерекшелігі - Каспийдің регрессия жағдайында болуы. Теңіз таязданып, тартылып жатыр, оның соңынан итбалықтар да қозғалып, өздеріне қолайлы жаңа мекен іздейді. Ал болжамдарға сәйкес, регрессия одан әрі күшейе түсуі мүмкін. Сондықтан олардың жаңадан шоғырланған жерлерін қорғау мен сақтаудың икемді режимін әзірлеу қажет. Жалпы, Қазақстанда да басқа елдердегідей теңізде қорғалатын табиғи аумақты құру тәжірибесі болмағандықтан, бұл қиын мәселе.

Каспий итбалығын зерттеушілер тобына қатысушылардың пікірінше, бұл жоспарларды шаруашылық саласымен - мұнай-газ секторы, балық аулау және кеме қатынасының мүдделерімен ұштастыру қажет.

– Қой да аман, қасқыр да тоқ болу үшін, не істеу керек? – дейді Мирғали Төлеуғалиұлы сұраулы кейіппен. – Барлық мүдделі тараптар үшін «ойын ережелерін» әзірлеу қажет. Бұл үшін Каспий итбалығын сақтау жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспары (ҰІЖ) қажет. Жалпы ҰІЖ-ны іске асыру ұзақ мерзімді нәтиже береді және итбалықтардың мекендейтін ортасын өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен ластау қаупін азайтады. Мысалы, ерекше қорғалатын табиғи аумақты ұйымдастыру, экотуризмді дамыту, теңіздегі қоқыстармен күрес теңіздегі шаруашылық қызметке қойылатын экологиялық талаптарды арттыру мәселелерін қозғайды. Ережелер ашық болуы және қатаң орындалуы керек. Бізде идеялар бар, бірақ алдымен, итбалықтардың тіршілік етуге құқығы болуы керек. Бұл сөз деңгейінде емес, заңнамалық негізде жүзеге асуы қажет.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Гидробиология және экология институты ұсынған сурет пен бейнежазба 

12 қыркүйек 2022, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.