Атырау, 29 қараша 14:33
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Түнгі рейд: мас күйінде көлік жүргізу және махаббат «драмасы»

Сурет Бейнежазба
1 970 просмотра

Заңнама күшейгенімен, Атырауда көлікті мас күйінде басқарғандар саны азаймай отыр. «АЖ» тілшісі полициямен бірлесіп, мас жүргізушілерді ұстау үшін түнгі рейдке шығып, тәртіп сақшыларының араласуын қажет еткен махаббат хикаясына куә болды.

Біз патрульдік полиция взводының командирі Асланбек ҒАРИФУЛЛИНМЕН бірге келе жатырмыз. Ол оқырмандарымызға бұдан бұрынғы түнгі рейдтер арқылы таныс. Айтпақшы, өткен аптада аға лейтенант Ғарифуллин өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматты құтқарып қалды. Жарайсың, аға лейтенант! Бірақ қазір әңгіме ол туралы емес.

... «Дина» базарының артындағы СМП-163 ықшамауданындағы №23 мектептің қасында Ғарифуллинге Lada Granta көлігі түзу жүрмей, сәл ирелеңдеп келе жатқандай көрінді. Оның түйсігі алдамапты: 32 жастағы жүргізуші мас болып шықты. Жүргізуші наркологиялық диспансерге жеткізіліп, оның жеңіл дәрежелі масаң күйде екені анықталды. Енді ол 15 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Бұл осыған тұратын ба еді?

– Тіпті, бір құты сыра ішіп те көліке отыруға болмайды. Бәрібір зейініңізді жоғалтып, апатқа ұшырау ықтималдығы күрт артады, – дейді А.Ғарифуллин.

Мұнайлы астананың дрифтерлері жиі жиналып, көліктерінің жылдамдығын салыстырып мақтанатын халықаралық әуежайдың автотұрағына келе жатып, көпірден түсіп келе жатқан Changan көлігін көрдік. Әлдебір белгілерін байқаған шығар, патрульдік полиция қызметкерлері оны тоқтатуды ұйғарды. Тағы да дұрыс болжапты: жүргізуші мас екен. Жоғарыда айтылған процедура қайталанды.

Айтпақшы, наркологиялық диспансерде алкогольдік сараптамадан өту үшін кемінде бір сағат қажет. «Менің» экипажыма нәтижені одан да ұзақ күтуге тура келді. Диспансерден шыққан кезде екі полицейдің оғаш әңгімесіне куә болдым:

– Аяғынан әрең тұрған мас жүргізушім сараптама қорытындысы бойынша сау болып шықты.

- Тағы да ма?!

- Иә!

- Әдеттегідей де!

Әуежай тұрағына да жеттік. Бұл жолы бәрі тыныш екен. Сол кезде Жедел басқару орталығынан (ЖБО) шұғыл хабарлама түсті. Бір қыз Дамбадағы жігітінің үйін өртеп, көлікке отырып қашып кеткен. Хиджаб киген өрт қоюшы Балықшыдан ұсталды. Ол құжаттарын көрсеткісі келмеді. Қызды №1 қалалық полиция басқармасына жеткізді. Әрі қарай анықтаушы іске кірісті.

Махаббат драмасы мұнымен бітпеді. Оқиға былай болған: екі жас ажырасуға арыз беріп, бөлек тұрып жатыр екен. Әйел Нұрсаядағы пәтерде басқа жігітпен болғанда әлі ажыраспаған күйеуі келіп, есікті қағады. Оған есікті ашпайды, ол подъезде шу шығарып, көршілері полиция шақыруға мәжбүр болады. Полицейлер келгенде күйеуі достарын көмекке шақырып үлгерген, жағдай шиеленісіп кетті. Сол кезде Ғарифуллинге «медиатор» болуға тура келді. Ұзақ әрі қиынға созылған әңгіме нәтижесін беріп, соңында жігіттер күңкілдеп кетіп қалды. Ал Ғарифуллин күйеуіне келесі күні әйелімен ың-шыңсыз сөйлесуге кеңес берді. Күйеуі келісті.

...Таңғы сағат үш. Рейдіміз аяқталды. Айтпақшы, сол күні полиция қызметкерлері жаңа формаларын киіп, қызметін бастады. Өте үйлесімді екен.

Фархат АБИЛОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

10 қыркүйек 2022, 19:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.