Атырау, 28 маусым 09:27
 дождьВ Атырау +16.7
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Көлікке қағылған жүргінші полиция мен жедел жәрдемді күтпеді

Бейнежазба
1 787 рет қаралды

11 қыркүйекте сағат 16:00 шамасында Атырауда Сәтпаев-Некрасов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алды.

Полиция департаменті хабарлағандай, 62 жастағы жүргізуші басқарған «Газель» көлігі Сәтпаев көшесімен келе жатып, реттелмеген жаяу жүргіншілер өтпесінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

- Полиция қызметкерлері келгенше жәбірленуші оқиға орнынан кетіп қалған. Қазіргі уақытта көлік тұраққа қойылып, жәбірленуші туралы мәліметтер болмауына байланысты тиісті іс-құжаттар жинақталуда, - деп хабарлады ПД.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

12 қыркүйек 2022, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.