Атырау, 22 мамыр 08:23
 ашықВ Атырау +24
$ 441.80
€ 480.02
₽ 4.88

Жоба бекітіліп жатқанда, жол қымбаттап кетті

Сурет
1 102 просмотра

Құрманғазы ауданы Орлы ауылының тұрғындары ауылішілік жол құрылысының созылып кеткеніне алаңдаулы.

10 478 км ауылішілік жолдар мен кірме жол құрылысының жобасы 2017-2018 жылдары жасақталған.  

- Біз бұл жолды ұзақ жылдар күттік. Қаржы бөлінгенде қуандық. Бірақ қазір неге жол құрылысы тоқтап тұр? - деген сауалдармен тұрғындар «АЖ» поштасына арызданған болатын.   

«Атырау жолдары» ЖШС директоры Серғали ҚАЖЫҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, 2021 жылды шілде айында Орлы ауылындағы ауылішілік және кірме жолды реконструкциялау бойынша келісімшарт жасақталған. Сол жылдың тамызынан бастап күз айларына дейін дайындық жұмыстары жүргізілді. Алайда ауа райының күрт суытуына байланысты жұмыс тоқтатылған. Биыл жұмысты жандандыруға құрылыс материалдарының күрт қымбаттауы, тасымал мәселесінің қиындығы, теміржол вагондарының тапшылығы әсер еткен.

- Осы айтылған себептер жол құрылысының басталуына кері әсерін тигізді. Жол құрылысының жобасы бірнеше жыл бұрын жасалған. Одан бері баға бірнеше рет өсті. Қазіргі кезде баға өсіміне байланысты жобаға түзетулер енгізу үшін Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыным хат жолданды. Күні бүгінде осы мәселелер талқыланып, пысықталу үстінде. Жобаға түзету енгізілгеннен кейін жұмыс қарқын алады деп отырмыз.  Басқалай мекеме базасы, жатақхана, асхана, асфальт шығаратын зауыт, жол құрылыс техникалары, құрылыс материалдарын түсіретін теміржол тұйығы және оны сақтайтын орындарды дайындап қойдық, - дейді С. Қажығалиев.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА  

Суреттерді түсірген автор

13 қыркүйек 2022, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.