Атырау, 20 қазан 08:29
 дождьВ Атырау +10.2
$ 452.59
€ 507.67
₽ 5.48

Атырауда

Хоккейшілерді құрметпен қарсы алды Спорт

Хоккейшілерді құрметпен қарсы алды

Қазақстан құрамасы Италияның Трентино қаласында өткен қысқы Универсиаданың хоккей турнирінен күміс медальмен оралды. 24 желтоқсанда Атырау қаласының халықаралық әуежайында мұнайлы астананың спорт қауымдастығы осы турнирде ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен облыстық «Бейбарыс» командасының ойыншылары Александр ЗУБКОВ пен Вячеслав ТРЯСУНОВТЫ қарсы алды. 24 желтоқсан 2013, 16:28 2 411 рет қаралды
Шыршаға өрмелеп шықты (+толықтырылды) Басқа жаңалықтар

Шыршаға өрмелеп шықты (+толықтырылды)

Жұма күні, 20 желтоқсанда Исатай мен Махамбет алаңында сарғылт түсті арнаулы жұмыс киімін киген әлдебір жас жігіт бейбіт тыныштықтың шырқын бұзды. Күтпеген жерден ол  қалалық шыршаға өрмелеп шығып, сол жерден «еңбек құқығын қорғай» бастады. 20 желтоқсан 2013, 23:43 2 964 рет қаралды
Бекмамбетов пен Неверовтің құрметіне естелік тақта ашылды Басқа жаңалықтар

Бекмамбетов пен Неверовтің құрметіне естелік тақта ашылды

19 желтоқсанда Атырау облысының энергетика жүйесінің 50 жылдығын тойлау шеңберінде «Атырау-Жарық» АҚ бас кеңсесінің холлында Нұруахит БЕКМАМБЕТОВ пен Николай НЕВЕРОВҚА арналған естелік тақталары ашылды. 20 желтоқсан 2013, 11:16 2 366 рет қаралды
Алдымен орынбасарларын соттайды Басқа жаңалықтар

Алдымен орынбасарларын соттайды

18 желтоқсанда Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢұйымдасқан қылмыстық қауымдастық қызметіне қатысты тұлғалар тобын айыптау жөніндегі қылмыстық іс түсті. 19 желтоқсан 2013, 16:19 4 054 рет қаралды
«Арлан» қызметкері: Бергей Жаңаөзенге ешкімді жұмсаған жоқ Басқа жаңалықтар

«Арлан» қызметкері: Бергей Жаңаөзенге ешкімді жұмсаған жоқ

Жақында діни экстремизмге қолдау көрсетті деп тағылған айыптан кейін біраз қалыңдаған Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВҚА қатысты қылмыстық іске белгісіз біреулер тағы бір пәлені жабыстырғысы келетін сияқты. Өткен аптада республикалық БАҚ-қа Рысқалиевтың Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар деген ақпарат таралды. 18 желтоқсан 2013, 17:19 7 189 рет қаралды
Марапат "аттасқа" бұйырды (+толықтырылды) Басқа жаңалықтар

Марапат "аттасқа" бұйырды (+толықтырылды)

Тәуелсіздік күні қарсаңында президент жылдағы дәстүр бойынша мемлекеттік сыйлықтар мен атақтарды тапсырды. Көптеген марапатталғандардың арасында "Ақ-Жайық.kz»" жорналының бас редакторы да (әкімдік газетінің www.pricom.kz сайтындағы ресми хабарламада атауы дефиспен және нүктемен қате белгіленіп көрсетілген)  "Парасат" орденіне ие болды. 16 желтоқсан 2013, 15:13 2 588 рет қаралды
Өту алаңындағы «іркіліс» Басқа жаңалықтар

Өту алаңындағы «іркіліс»

18 желтоқсанда АМӨЗ-дің №10 өту алаңында «Вест Партнер Девелопмент» (WPD) компаниясының қызметкерлері қараша айының жалақысы кешіктірілуіне байланысты наразылық акциясын өткізді. Бұл жерден мердігер мекеменің жұмысшылары хош иісті көмірсутек өндіретін кешеннің құрылыс алаңына өтеді. Екі сағаттан кейін осы мәселені таяудағы бірнеше күннен соң шешеміз деп уәде етілгеннен кейін ғана олар құрылыс аумағына кетті. 19 желтоқсан 2013, 14:45 1 813 рет қаралды
Сарай-Бату мен Сарайшықтың екі түрлі тағдыры Басқа жаңалықтар

Сарай-Бату мен Сарайшықтың екі түрлі тағдыры

Жайық арнасын бұрамыз ба, әлде жағалауды бекітеміз бе? Көне қала Сарайшықтың кейінгі ұрпақтары үшін тарихи мұраны қалай сақтаймыз деген мәселе Атырау ведомствоаралық комиссиясының отырысында талқыланды. 19 желтоқсан 2013, 00:00 12 429 рет қаралды
Чернобыльдің бестен бір бөлігі Экология

Чернобыльдің бестен бір бөлігі

Кезінде Құрманғазы ауданындағы Азғыр әскери-сынақ полигонында болған 16 бейбіт ядролық жарылыстардың (БЯЖ) салдары ауаға10 млн Кюриденастам радиоактивтігаз шығарындыларының таралуынаәкелді. Бұл Чернобыльдегі АЭС шығарындыларының бестен бір бөлігіне сай келеді. Ал полигон төңірегіндегі аумақ мәртебесі әлі күнге дейін анықталмай отыр. 19 желтоқсан 2013, 00:00 5 946 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Тырнақтап жинаған

Облыстық салық департаментінің басшысы Нұржан БАЙҒАЗИЕВТЫҢ айтуынша, ағымдағы жылда облыстың салық төлеушілері республикалық бюджет түсімдерінің төрттен бірінен астам бөлігін қамтамасыз еткен. Республикалық бюджетке түсетін салық бойынша болжам 101 %-ға, жергілікті бюджетке 114 % орындалды. 19 желтоқсан 2013, 00:00 2 076 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Қос дипломды жұмысшылар

Өңіраралық АРЕС орталығы студенттерінің 60%-ынан астамы жоғары білімді, тіпті кейбірінде екі жоғары оқу орнының дипломы бар екен. Алайда олар орталыққа нақты жұмысшы мамандығына ие болу үшін келіпті. Бұл бүгінде еңбек нарығында жоғары білімді адамдардан гөрі техникалық буын мамандарына деген сұраныс жоғары екендігінің дәлелі. 19 желтоқсан 2013, 00:00 3 988 рет қаралды
Игерілмесе, қайтарылсын Басқа жаңалықтар

Игерілмесе, қайтарылсын

Қызылқоға аудандық прокуратурасы аудан көлеміндегі шаруа қожалықтары мен фермерлерге берілген жер телімдерін беру мен пайдалану заңдылықтарын анықтау мақсатында аудандық жер қатынастары бөліміне тексеру жүргізді. 19 желтоқсан 2013, 00:00 2 897 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Аудан жаңалықтары

Мақат кентінің бірнеше тұрғынының тұрмыстық заттары токтың тұйықталуы салдарынан өртеніп кетті. Енді олар трансформаторлардың қазіргі иесін іздеуде.    Аудандық «Кең Жылой» газеті 80 жылдық мерейтойын атап өтті. 19 желтоқсан 2013, 00:00 3 478 рет қаралды