Атырау, 21 желтоқсан 09:39
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Хоккейшілерді құрметпен қарсы алды

1 995 просмотра

«Бейбарыс» командасының ойыншылары - Алесандр ЗУБКОВ пен Вячеслав ТРЯСУНОВ.«Бейбарыс» командасының ойыншылары - Алесандр ЗУБКОВ пен Вячеслав ТРЯСУНОВ.Қазақстан құрамасы Италияның Трентино қаласында өткен қысқы Универсиаданың хоккей турнирінен күміс медальмен оралды. 24 желтоқсанда Атырау қаласының халықаралық әуежайында мұнайлы астананың спорт қауымдастығы осы турнирде ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен облыстық «Бейбарыс» командасының ойыншылары Александр ЗУБКОВ пен Вячеслав ТРЯСУНОВТЫ қарсы алды.

Латвия құрамасымен өткізген ширек финалдық ойында Александр бір гол соғып, нәтижелі пастың авторы атанды. Бұл матч 6:1 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілген еді. Қорғаушы позициясында ойнаған Вячеслав та команда жеңісіне үлкен үлесін қосты.

Жартылай финалда біздің команда АҚШ құрамасын 5:1 есебімен ұтып, үлкен сенсация жасады. Осы ойыннан кейін Канаданың студенттер құрамасымен финалдық матч өте ауыр өтті. Бұл команданы алдын ала ойындар кезінде біздің құрама 4:1 есебімен ұтқан еді. Кескілескен хоккей айқасының нәтижесінде екі команда ойыншылары жалпы есеппен 246 минут алаңнан қуылды. Қазақстан құрамасы 2:6 есебімен тізе бүкті.

Құрамында «Бейбарыс» ХК бар ««Атырау Барыстары» спорттық ойындар түрлері бойынша облыстық командасы» КМҚК-нің директоры Болат МҰХАМБЕТҚАЛИЕВТЫҢ айтуынша, 27 жасар Александр мен Вячеслав «Бейбарыста» 5 жылдан бері ойнайды. Саша Серов қаласында туған, Слава – Калининградтан. Екеуі де бірден Қазақстан азаматтығын алды, алайда ресейлік жоғары оқу орындарында оқиды.

Екі негізгі ойыншыларынсыз «Бейбарыс» ел чемпионатында 6 матч өткізіп, бірінші айналымның аяқталуына бір тур қалғанда, турнир кестесінде 3-орында тұр.

А. Зубковтың айтуынша, Универсиадада ең ауыр матч финалда болды. Ойыншыларға және хоккей отаны өкілдеріне бүйрегі бұрып тұратын төрешілерге қарсы ойнауға тура келді. Қалай дегенмен де, ойыншылар үлкен халықаралық тәжірибе жинағандарына риза.

- Біз «Бейбарыс» командасынан 4 желтоқсанда кетіп едік. Тезірек мұзға шығып, басты қарсыласымыз – «Ертіспен» болатын ойында командалас жолдастарымызға көмектесуге дайынбыз. Айқасқа дайынбыз! – дейді Александр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

24 желтоқсан 2013, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.