Атырау, 26 қараша 14:37
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Алдымен орынбасарларын соттайды

3 829 просмотра

18 желтоқсанда Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢұйымдасқан қылмыстық қауымдастық қызметіне қатысты тұлғалар тобын айыптау жөніндегі қылмыстық іс түсті.

Атырау облыстық сотыныңбаспасөз қызметі облыс әкімнің бұрынғы орынбасарлары Болат ДӘУКЕНОВ пен Асқар ӘБДІРОВКЕ, сонымен қатар, бұрынғы қала әкімі Асқар КЕРІМОВКЕ (іс бойынша барлығы 22 адам өтеді) қатысты қылмыстық істер 19 желтоқсанда іс өндірісіне қабылданғанын хабарлады.

Алдын-ала тыңдау 24 желтоқсанға тағайындалған. Алдын-ала тыңдау қорытындылары бойынша негізгі сот ісінің қаралу уақытын белгілеу туралы мәселе шешіледі.

ҚР ҚІЖК-не сәйкес, тыңдау нәтижелері бойынша іс қосымша тергеу үшін, іс бойынша өндірістің уақытша тоқтатылуы, қылмыстылығы бойынша жолдануы, істің қысқартылуы, қылмыстық істердің біріктірілуі, сондай-ақ, тараптардың өтініштерін қарау үшін және т.б. қайтарылуы мүмкін.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

19 желтоқсан 2013, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.