Атырау, 26 қараша 14:20
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Атырау» құрамына үш легионер қосылды

2 507 просмотра

Савио НСЕРЕКОСавио НСЕРЕКО«Атырау» футбол клубы үш легионер сатып алғаны туралы хабарлама таратты.

24 жасар арғы тегі угандалық неміс ойыншысы Савио НСЕРЕКО клубпен екі жылдық келісімшартқа қол қойды. «Атыраудың» жаңа ойыншысы қапталдық жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсетеді. Савио өз карьерасын немістің «Мюнхен-1860» клубында бастаған. Жас футболшы 16 жасында итальяндық «Брешия» клубының скауттарының көзіне түседі. Итальяндық клуб құрамында ойнап жүрген Нсерекоға Германияның U-19 жасөспірімдер құрамасының бапкерлері назар аударады. Осы құраманың сапында ол 2008 жылы Еуропа чемпионы атанды. Осыдан кейін оны ағылшынның «Вест Хем» клубы сатып алады. Алайда бұл команданың негізгі құрамына ілігудің сәті түспей, итальяндық «Фиорентина» командасына ауысады. Содан кейін «Болонья» (Италия), «Мюнхен-1860», «Черноморец» (Болгария), «Юве Стабия» (Италия), «Васлуй» (Румыния) командаларында жалға алу тәртібімен өнер көрсеткен.

Сондай-ақ 25 жасар нигериялық қорғаушы Майкл ОДИБЕ мен 29 жасар камерундық жартылай қорғаушы Ги ЭССАМЕМЕН келісімшарт жасалды.

Майкл орталық қорғаушы позициясында ойнайды және «Ферест Банк» нигериялық клубының шәкірті болып табылады. Ол, сондай-ақ, белгиялық «Юнион», итальяндық «Сиена» және «Sudtirol FC», украиналық «Арсенал» және «Днепр» командаларында өнер көрсетеді. «Атыраудың» жаңа ойыншысы Нигерия құрамасында бір ойын ойнаған.

Ги Эссаме орталық қорғаушы позициясында өнер көрсетеді. Қазақстанға келгенше ол парагвайлық «Спортиво Лукеньо», португалиялық «Боавишта», ресейлік «Терек» және «Нижний Новгород» және белорустың «Неман» командалары құрамында ойнаған. Эссама да Камерун ұлттық құрамасында үш ойын көрсеткен.

Майкл ОДИБЕ и Ги ЭССАМЕМайкл ОДИБЕ и Ги ЭССАМЕ

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ  

23 желтоқсан 2013, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.