Атырау, 26 қараша 14:49
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Чипі бар төлқұжат

4 306 просмотра

ҚІІБ-ның көші-қон полициясы бөлімінің төлқұжаттарында чипі жоқ азаматтарға ескі құжаттарын жаңаға ауыстыруды ұсынады.

-Чипі бар төлқұжат – бұл 85,72 де 54,03 мм көлемдегі төзімді көпқабатты материалдан жасалған смарт-карт (банк кәртішкесі сияқты). Чипте құжат иесі туралы жазбаша ақпарат, заңды мекенжайы, фотосуреті және қолысақталған микросхема (жады 64 Кб) болады, - дейді көші-қон полиция бөлімінің бастығы Гүлжан ЛҰҚМАНОВА. – Ел ішінде микросхемасы бар төлқұжат иесіне көп көмектеседі. Мәселен, жергілікті жерге тіркелу, шығу оңай, келу, кету парақшалары керек емес. Жаңа жерге келгенде жергілікті ХҚКО-ға жаңа төлқұжатпен барсаңыз болды, сіздің жаңа мекен-жайыңыз чипке енгізіледі.

- ЖСН жазылған, мерзімі бітпеген, бірақ чипі жоқ төлқұжаты бар адамдарға жаңа құжат алу керек пе?

- Ондай құжаттар көрсетілген мерзіміне дейін жарамды. Сондықтан да біз жоғарыда айтылған себептермен ауыстыруды ұсынамыз.

- Шетелге шығатын төлқұжаттарға қатысты қандай жаңалық бар? Менің таныстарым биыл Еуропаға чипсіз төлқұжатпен емін-еркін барып келді.

- Жағдай кез келген сәтте өзгеруі мүмкін, өйткені ескі төлқұжат бүгінде машина арқылы оқылатын құжаттардың халықаралық стандарттарына, сондай-ақ, шет мемлекеттердің осындай талаптарына сәйкес емес. Қазір Шенген аймағына кіретін кейбір елдерге кіруде микросхемалы төлқұжат талап етіледі. Түбі болатын нәрсені күтіп не керек?

Жаңа төлқұжат ескі түрі сияқты кітапша тәріздес, тек чипі бар.

- Жаңа құжаттарды қайдан алуға болады?

- Жергілікті жердегі ХҚКО-дан. Куәліктің құны – 346 теңге, төлқұжат – 6 929 теңге. Ресімдеу он минуттан артық уақыт алмайды, ал дайын құжатты бір ай ішінде алып боласыз. Қосымша ақы төлесеңіз, тез алуға да болады.

Анастасия ПАСТУХОВА

19 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.