Атырау, 26 қараша 14:50
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Бұл жерде үй бола ма?

1 869 просмотра

Атырау ықшамауданындағы №5 балабақшаға қарсы үлкен ордың түбінде құрылыс қоқыстары тау болып үйіліп жатыр. 

Кеңестік кезеңде бұл жер жағалауда тұрған кірпіш зауыты үшін саз алатын карьер ретінде қолданылған еді. Біздің дәуірімізде орға топырақ төгіліп, үстіне жергілікті бюджет қаржысынан балабақша салып, оған дейін жол тартылды. 

Қазір бұл жер бағалы болып тұр. Бұған осы айналаға құрылыс салушылардың қызығушылығы дәлел болады. Олар бұл жерге үлкен жүк көліктерімен топырақ түсіріп, теңертең шұңқырларды көміп жатыр. Орға қолға түскен заттың барлығы салынуда: үйдегі қалған-құтқан дүниелер, тастамалар, кесілген теректерге дейін осы жерде. Құрылысшылар соңғысын бекер салып жатыр, өйткені теректер жерге сіңбейді, керісінше топырақты тебеді ғой.  

Қоқысты кім төгіп жатыр? №5 балабақшаның әкімшілігі бұл тақырыпта сөйлесуге қорықты. Біздің қалалық әкімдіктегі ақпарат көзіміз биыл бір ата-ана баласымен орға түсіп кете жаздаған оқиғадан кейін қала әкімі коммуналдық қызметтерге орды көмуге пәрмен берген деп хабарлады. Келесі бір нұсқа бойынша, жеке үйлерді салушылар төгіп отыр. Қалай дегенмен де, қоқысты таза топырақпен көму керек.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қаната ЕЛЕУОВ

23 желтоқсан 2013, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.