Атырау, 26 қараша 14:24
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Тырнақтап жинаған

1 794 просмотра

Облыстық салық департаментінің басшысы Нұржан БАЙҒАЗИЕВТЫҢ айтуынша, ағымдағы жылда облыстың салық төлеушілері республикалық бюджет түсімдерінің төрттен бірінен астам бөлігін қамтамасыз еткен. Республикалық бюджетке түсетін салық бойынша болжам 101 %-ға, жергілікті бюджетке 114 % орындалды.

Соңғы уақыттарда салықшылар ұсақ салық төлеушілерге бақылау жасауды күшейтті. Осының нәтижесінде 246 тіркелмеген салық төлеуші анықталып, олардан 5,9 млн теңге өндірілді. Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша декларациядағы айналымдарды салыстыру 361,4 млн теңге түсім әкелді. 2009–2011 жылдар аралығындағы мүлік салығына камералды бақылау жасау 45 млн теңге түсірді.

- Облыс аумағында 16 базар жұмыс жасайды және онда 3 274 жеке кәсіпкер сауда жасайды. 2013 жылдың 11 айында олардан 485 млн теңге төлем түсті, олардың 264 миллионы – табыс салығы, 221 миллионы - әлеуметтік салық. Өз мүліктерін жалға беріп отырған 574 жеке тұлға анықталды, олардың көмегімен бюджет 3,6 млн теңгеге артты, - дейді Н. Байғазиев.

Бақылау-кассалық машиналарды қолданбаған 159 салық төлеуші әшкереленді, ал 201 сауда нүктесінде мұндай машиналар мүлдем жоқ болып шықты. Нәтижесінде бюджетке қомақты әкімшілік айыппұлдар сомасы түсті. Еңбекпен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметтері бойынша, шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат бойынша 5 047 жеке тұлғаны жұмысқа алған 347 салық төлеуші тексерілді. Тексеру барысында осындай жағдайлардың жартысында есептік деректермен сәйкессіздіктер анықталды. Осының есебінен бюджетке 797 млн теңге кері аударылды.

Жол полициясымен біріге отырып, көліктеріне салық төлемеген 7,5 мың жүргізуші анықталды. Бұл 154 млн қосымша түсімдердің түсуіне мүмкіндік берді.

Әдеттегідей, салықшыларға экология департаменті үлкен көмек берді. Қоршаған ортаны ластағаны үшін кәсіпорындар 3,9 млрд теңге төледі. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.