Атырау, 26 қараша 14:37
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Сарай-Бату мен Сарайшықтың екі түрлі тағдыры

10 965 просмотра

Жайық арнасын бұрамыз ба, әлде жағалауды бекітеміз бе? Көне қала Сарайшықтың кейінгі ұрпақтары үшін тарихи мұраны қалай сақтаймыз деген мәселе Атырау ведомствоаралық комиссиясының отырысында талқыланды.

ЖОҒАРҒЫ КОМИССИЯ

Алтын Орда орталықтары бірінің орнын сақтап қалу бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігі туралы «Ақ Жайық» өр суы келіп, жағаның кезекті бөлігін жұтатын әр көктем сайынжазып келе жатыр. Абырой болғанда, жартылай су жұтқан қаланы құтқару жөнінде комиссия құрылды. Оны құру туралы идеяны облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ ұсынған болатын.

САРАЙ-БАТУ Сарай-Бату тарихы сонау 1250 жылдары басталған: сол кезде Шыңғыстың немересі Бату қаланы алғашында көшпенділердің тынығу орны ретінде салғызған. Кейіннен Сарай-Бату (толық аты - Сарай-аль-Махрус) үлкен қалаға айналып, Алтын Орданың астанасына айналды. Хандар арасындағы өзара тартыс кезінде Сарай-Бату бірнеше рет қиратылған (1480 жылы түпкілікті жойылды). Көне Сарай-Батудың орнында 50 жылдан аса уақыттан бері археологиялық қазбалар жүріп жатыр.

Ол сәйкесінше өтінішпен Астанаға шықты. Комиссия құрамына мәдениет, ауыл шаруашылығы, өңірлік даму, көлік және коммуникация министрліктерінің шенеуніктері кірді. Отырыс барысында ең өткір пікірталас Жайық-Каспий бассейндік су ресурстарын қолдану және қорғау инспекциясының басшысы Бисен ҚУАНОВ пен  Ә. Марғұлан атындағы археология институтының астаналық филиалының директоры Зейнолла САМАШЕВ арасында өтті.

Самашев Сарайшықты құтқарудың екі жолын ұсынды. Біріншісі - қала қабырғасын шайып жатқан өзеннің жағалауын бекіту, ал екіншісі - өзен арнасын өзгерту. З. Самашевтың өзі екінші нұсқаны жөн көреді, өйткені оны қазір су түбінде жатқан ескі артефактар қызықтырады екен.

Ал Б. Қуанов болса, екінші нұсқаның қымбат тұратынын алға тартып, біріншісін жасау керек деп уәж айтты. Енді қалған мәселе - тиімді дегенін таңдап, үкімет қарауына беру.

 

РЕСЕЙЛІКТЕР ҮЛГІСІ

Өкінішке орай, көп бөлігі жойылып  кеткен қала орнын ұрпақтар үшін қалай сақтап қаламыз деген мәселеде кекесін пікірді болдырмау мүмкін емес. Шешім қабылдап, оны жоғарыдан бекіткенше қай заман... Тіпті, бұл оқиға қандайма бір күні бола қалған жағдайда да, құтқарылған бір тілім жер туристер үшін қызықты бола ма?

...Жақында маған Астрахан облысындағы Сарай-Бату деген жерге барудың сәті түсті. Қала орнына «Орда» фильмі үшін декорация ретінде жасанды ғимараттар салынған екен. Фильм түсіріліп болғаннан кейін бұл декорация (Сарай-Бату қаласының орталық бөлігі) туристік нысанға айналған. Ол Астраханнан 130 шақырым жердегі Қарабайлы (Харабалинск) ауданы Селитренное селосының аумағында орналасқан.

САРАЙШЫҚ Сарайшық - ортағасырлық қала. Атырау қаласының солтүстігінен 50 шақырым жерде Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қала іргесі 11 ғасырда қаланған. Алтын Орда дәуірінде Еуропаны Қытаймен байланыстырған керуен жолы бойындағы маңызды діни, саяси-экономикалық орталық. Сарайшықта жеті хан жерленген: алтынордалық - Сартақ, Берке, Тоқтағу, Жәнібек, қазақ ханы - Қасым, ноғай ханы - Исмаил мен Ораз.

Қаланы аралап, гид әңгімесін тыңдай жүріп, Сарайшық еріксіз есіме оралды. Сарай-Бату өз тарихи орнына салынған жасанды қала болса да, мұнда қызықтап келуші туристер көп екен. 

Гид көп нәрселер туралы айтты. Ортағасырлық қала үйлері қандай болды (археолог ғалымдар зерттеулері негізінде салынды), қыш шеберлері, зергерлер, темір ұсталары мен қолөнершілер қалай өмір сүрді, сумен қамту жүйесі қалай жұмыс жасады және т.б. көптеген қызықты деректер келтірді. Қалаға саяхат мыңдаған тұрғындары болған көне қаланың түрлі әуендерінің сүйемелдеуімен жүргізілді.

Менің ойымша, біздікілердің сол жаққа бір барып келгендері дұрыс сияқты. Мүмкін қаланың сақталып қалған аз бөлігін мықтап қолға алып, астрахандықтардың үлгісімен ескерткіш қала салсақ, тиімді болар еді деп те ойға шомасың. Құдайға шүкір, білімді археологтарымыз да, қолөнершілеріміз де, қыш та, ақша да жеткілікті. Бізге ең жетіспейтіні - тарих жәдігерлеріне деген құштарлық...

Анастасия ПАСТУХОВА

19 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.