«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау ӨФ-не газдың босату бағасын 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтеруге рұқсат берді.
18 желтоқсанда ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРАД) таратушы газ құбыры бойынша тасымалдау тарифі есебімен газдың босату бағасын бекітті:
Тұрғындар үшін – 1000 текше метрге 5 187,68 теңге (ҚҚС есебімен) (15%-ға көтерілген); газды жылу эгергиясын өндіру үшін пайдаланатын заңды тұлғаларға – 1000 текше метр үшін 6211,92 теңге (15%-ға көтерілген); заңды тұлғаларға – 1000 текше метр үшін 18934,67 теңге (22,5%-ға көтерілген).
«ҚТГА» қызметі «ИнтерГаз Орталық Азия» газ тасымалдау компаниясы қызметінің құны көтерілгеннен кейін қымбаттады. 21 қарашада ТМРА 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР магистральды құбыры бойынша 1000 текше метр үшін 1380 теңге мөлшерінде газды тасымалдау тарифін бекітті. Бұған дейін ол тұрғындар мен халыққа жылу энергиясын өндіретін кәсіпорынға 1000 текше метр үшін 222 теңге (6,2 есеге өскен), өнеркәсіптік және коммуналдық кәсіпорындар үшін – 1000 текше метрге 898 теңге (бір жарым есеге өскен) құрады
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ