Атырау, 26 қараша 14:39
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қымбат көліктің салығы да салмақты

2 313 просмотра

Қозғалтқыш қуатына салынатын салық мөлшерлемелерінің өзгерісі Қазақстанда шығарылатын немесе оның аумағына 2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейін әкелінетін көліктерге ғана қатысты.

Бұл туралы «АЖ»-ға Атырау облыстық салық департаменті басшысының орынбасары Айгүл РЗАҒҰЛОВА хабарлады. Үлкен көлемді қозғалтқышы бар қымбат көліктердің қожайындары үшін салық бұрынғы күйде қалады. Осы кезде Қазақстанға әкелінген көліктерді де еш алаңдамай сатып алуға болады.

31 желтоқсаннан кейін 3 000 текше см-ден кем түспейтін қозғалтқыш көлемі бар көліктерге өзгерістердің қатысы жоқ. Бұрынғыша қозғалтқыш көлемі 1 500-ден 2 000 текше см-ге дейінгі көліктің қожайындары 3 АЕК, ал 2 000-нан 2 500 текше см-ге дейін – 6 АЕК, 2 500-ден 3 000 текше см-ге дейін – 9 АЕК көлемінде салық төлейді.

Ал жаңа жылдан кейін Қазақстанға әкелінген үлкен көлемді қозғалтқышы бар көліктерді сатып алатындар үшін салық әжептәуір өседі. Қозғалтқыш көлемі 3 000-нан 3 200 текше см-ге дейінгі көлік қожайындары 35 АЕК, 3 200-ден 3 500-ге дейін – 46 АЕК, 3 500-ден 4 000-ға дейін – 66 АЕК, 4 000-нан 5 000-ға дейін – 130 АЕК, 5 000 текше см-ден жоғары – 200 АЕК төлейтін болады. Бұдан басқа, жаңа ережелер Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен көпбалалы аналарға қымбат көліктерді рәсімдеу тәжірибесін жоқ қылады: 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың осы санаттары үшін тиісті жеңілдіктер жойылатын болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.