Атырау, 26 қараша 14:41
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

POS-терминалдар: жарты жылға кері шегерілді

1 860 просмотра

POS-терминалдарды міндетті қондыру патент пен жеңілдетілген декларация түрінде арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер үшін жарты жылға шегерілді.

Үстіміздегі жылдың басынан бастап өз қызметтерін жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар төлем кәртішкелерін пайдаланатын төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты қондырулары керектігі белгілі. Ал 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл талап қандай салық режимін пайдаланатынына қарамастан, барлық саудамен және ақылы қызметтерді көрсетумен айналысатын кәсіпкерлерге де қойылуы керек еді.

Бұл жаңа талап әзірге өз жеке өндірістеріндегі ауылшаруашылық өнімдерін, балық өнімдерін көтерме және бөлшек саудамен өткізетін, сондай-ақ, тасымалданатын сөрелерде (шатырлар, дүңгіршектер, контейнерлер) және жалпы қолданыс коммуникациясы желілері жоқ орындардағы сауда нүктелерінде сауда жасайтын заңды тұлғалар мен ЖК-лерге таратылмайды.

2013 жылғы 1 қараша күнгі жағдай бойынша, ел банктері 15 млн төлем кәртішкелерін шығарған, ал оларды ұстаушылардыңсаны - 13,4 млн 2013 жылдыңқарашасында төлем кәртішкелерін қолдану арқылы жасалған транзакциялар 562,6 млрд теңгені құрады. Қолма-қол ақшасыз төлемніңнегізгіүлесі POS-терминалдар мен банкоматтар арқылы жасалған.         

Атырау облыстық салық департаменті басшысының орынбасары Айгүл РЗАҒҰЛОВАНЫҢ айтуынша, өңірімізде жалпы белгіленген тәртіппен жұмыс жасайтын 6 729 заңды тұлға және 1 128 ЖК бар. POS-терминалдарды қондырған кәсіпкерлердің санын салық қызметі айта алмады: бұл мәселеде кәсіпкерлер салықшыларға есеп бермейді, олар екінші деңгейлі банктермен тікелей жұмыс жасайды. Банктерге келетін болсақ, барлығы дерлік кәсіпкерлерге жабдықтарды қондырып беруге дайын екендіктері жөнінде есеп берді. Алайда, белгілі бір талаптармен. Бұл талаптар «ресми» болып табылмайды, бірақ барлық банктер мұны ұстанады: сауда нүктесі қала орталығында, танымал сауда үйінде орналасып, айына кем дегенде 500 мың теңге пайда түсіруі қажет. Олай болмаған жағдайда жабдықты қондыру табыс әкелмейді. POS-терминалдарды міндетті қондыру туралы шешім қабылданғаннан кейін ҚР ӘҚтК-ге қаулыны орындамағаны үшін жаза қолдануды қарастыратын бап енгізілді. Алайда салықшылар бұл бапты әлі бірде-бір қолданып көрмепті.

- Біз кәсіпкерлерге жабдықты міндетті түрде қондыру керектігі туралы хабарлама тараттық, енді халықтан шағым түссе, тексеруге шығуға дайынбыз, алайда POS-терминалдардың жоқтығына наразы болған клиенттерден еш шағым келіп түскен жоқ, - дейді Айгүл Рзағұлова. Ал кәсіпкерлер банктердің үстеме ақы мөлшерлеріне наразы - банктер тікелей тауарлар мен қызметтерді сатушылардан  1,5-ден 7%-ға дейін ұстайды. Жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлердің табысына салық 3%-дық мөлшерлеме бойынша салынатынын ескерсек, бұл шамадан тыс алым екені белгілі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.