Атырау, 23 тамыз 09:44
 дождьВ Атырау +23.7
$ 456.88
€ 534.64
₽ 5.47

Атырауда

«Өтемақыдан бас тартамыз» Басқа жаңалықтар

«Өтемақыдан бас тартамыз»

Жуырда бірқатар республикалық БАҚ-дан «Арқан-Кергенде» қаза болған шекарашылардың отбасыларына 3,5 млн теңге өтемақы берілді деген ақпарат тараған болатын. Алайда, біз хабарласқан шекарашылардың (естеріңізге салайық, олардың төртеуі әскерге Атырау облысынан шақырылған болатын) ата-аналары ондай ақша туралы ештеңе естімегендерін айтады. Ал индерлік Мейірхан ИМЕНОВТЫҢ әкесі Сағындық ИМЕНОВ пен доссорлық Данияр БАЛҒАБАЕВТЫҢ әкесі Ғарифолла ҚАПАРОВ бұл ақшадан бас тартпақ. 4 қазан 2013, 15:03 2 814 рет қаралды
Тегін вакцина бәріне бірдей жетпейді Басқа жаңалықтар

Тегін вакцина бәріне бірдей жетпейді

Облыстық әкімдікте өткен кеңесте өткір тыныс алу жолдары ауруларына қатысты статистика айтылды: жыл басынан бері бұл аурулармен 3 658 адам ауырған, оның ішінде 2 755-і - 14 жасқа дейінгі балалар. 4 қазан 2013, 16:37 2 298 рет қаралды
Неміс жабдығымен жасалатын операциялар - тегін Басқа жаңалықтар

Неміс жабдығымен жасалатын операциялар - тегін

«Профессор Хойманның дәрістері» мақаласы жарыққа шыққаннан кейін редакцияға Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Мұрат ҚҰЛБАСОВ қоңырау шалып, облыстық ауруханада қымбат тұратын жаңа неміс жабдығының көмегімен есту қабілетін жақсарту жөніндегі бүкіл операциялардың тегін жүргізілетіндігін нақтылап көрсетуімізді өтінді. 4 қазан 2013, 17:33 2 361 рет қаралды
Лаңкестікке қарсы күрес мәселелері талқыланды Басқа жаңалықтар

Лаңкестікке қарсы күрес мәселелері талқыланды

Атырауда діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету мәселелері бойынша құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне арналған үш күндік семинар басталды.  Журналистерге семинардың бірінші күні туралы ғана жазуға болатындығын бірден ескертілді. 4 қазан 2013, 16:03 7 674 рет қаралды
Оң жақ жағалауға газ беру тоқтатылады Басқа жаңалықтар

Оң жақ жағалауға газ беру тоқтатылады

Бүгін, 3 қазанда, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау ӨФ Атырау қаласының оң жақ жағалауына, сонымен қатар Махамбет ауданының Алмалы мен Береке селоларына «газ құбырына ойымдар орнатуға байланысты» 9 қазан сағат 8-ден 10 қазан сағат 20-ға дейін табиғи газ беру тоқтатылғандығы туралы хабарлама таратты. 3 қазан 2013, 22:04 3 202 рет қаралды
Ендігі кезек – баскетболда Оқиға

Ендігі кезек – баскетболда

Атырау облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттік (қаржы полициясы) департаменті «Атырау барыстары» облыстық баскетбол командасы» КМК директоры Болат МҰХАМБЕТҚАЛИЕВҚА қатысты ҚР ҚК 176-бабы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету») бойынша қылмыстық істі тергеуге кірісті. 3 қазан 2013, 17:34 2 449 рет қаралды
Суға жұтылған көк қағаз немесе құдықтар қайда? Саясат

Суға жұтылған көк қағаз немесе құдықтар қайда?

Жыл сайын ірі мұнай компаниялары әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға миллиардтаған теңгелер бөледі. Ал осы қаржылардың негізгі үлесі өтелетіндігін ескерсек (қазақстандық тарап әлеуметтік-инфрақұрылым жобаларын болашақта өндірілетін мұнай есебінен төлейді), шығындардың тиімділігі басты фактор болып саналады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай бұған қатысты бізде біраз түйткілдер жоқ емес. 3 қазан 2013, 00:00 8 172 рет қаралды
Газсыз отыр Басқа жаңалықтар

Газсыз отыр

Жоғары мінберлерден 100 пайыздық газбен жабдықталғандығы туралы айтылғанымен, көгілдір отын Атырау облысының барлық үйіне жеткізілген жоқ. Қызылқоға ауданындағы Көздіғара округіне қарасты Қоныстану, Қосқұлақ, Бүйрек елді мекендерінде газ әлі де арман күйінде қалып отыр. 3 қазан 2013, 00:00 2 021 рет қаралды
Балабақшаға қашан барамыз? Басқа жаңалықтар

Балабақшаға қашан барамыз?

Қызылқоға ауданына қарасты Жасқайрат ауылындағы «Өрімтал» балабақшасының (суретте) күрделі жөндеу жұмысы жаңа оқу жылында бітуі тиіс болатын. Оны бәрі күткен еді, бірақ тапсыру мерзімі ұзаққа созылып кетті. Енді қазанда тапсырамыз деп уәде етіп отыр. 3 қазан 2013, 00:00 2 702 рет қаралды
Жаңа сорғылармен ауыстырады Басқа жаңалықтар

Жаңа сорғылармен ауыстырады

30 қыркүйекте ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің (ТМРАД) бастамасымен «Атырау су арнасы» КМК (АСА) 2013 жылғы инвестициялық бағдарлама нысандары бойынша журналистерге баспасөз турын өткізді. 3 қазан 2013, 00:00 2 704 рет қаралды
Майталмандар мектебі Мәдениет

Майталмандар мектебі

Театрдың болашағы қандай, проблемалары бар ма және актер мамандығының мәні неде... Махамбет атындағы драма театр актерлері үшін ұйымдастырылған Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының белгілі әртістерінің шеберлік сабақтары кезінде осы және басқа да мәселелер талқыланды. 3 қазан 2013, 00:00 8 072 рет қаралды
Корей халқы Чусокты қалай тойлады Қоғам

Корей халқы Чусокты қалай тойлады

Жақында Атыраудағы корей диаспорасы өздерінің ұлттық мерекесі Чусокты тойлады. Бұл - ежелден келе жатқан отбасылық мереке. Онда адамдар жақсы егін орағы үшін ата-бабаларына тағзым етеді. Чусок – кәрістер үшін шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылды тойлаудан кейінгі маңыздылығы жағынан екінші мейрам. Бір айта кетер жайт, «Тхоньил» атыраулық корейлердің этно-мәдени орталығы бұл күнді бірінші рет осылай дүбірлетіп тойлап отыр. 3 қазан 2013, 00:00 10 418 рет қаралды
Мәңгілік «мәмлүктер» Спорт

Мәңгілік «мәмлүктер»

18 қыркүйекте Мұз сарайында облыстық «Бейбарыс» хоккей командасының рудныйлық «Горняк» командасымен өткізген алғашқы матчы алдында ойыншы карьерасын тәмамдаған команданың бұрынғы капитаны, қорғаушысы Евгений АНТОНОВ пен шабуылшы Сергей ОГОРОДНИКОВТЕРМЕН салтанатты қоштасу шарасы өткізілді. 3 қазан 2013, 00:00 2 667 рет қаралды
Спорт жаңалықтары Спорт

Спорт жаңалықтары

Болгарияның Албен қаласында өткен бокстан жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатында 16 жасар атыраулық спортшы Ақмарал Шамшиденова күміс медаль ұтып алды. Алматы қаласында өткен жасөспірімдер мен қыздар арасындағы ІІІ Еуразия ойындарына қатысқан барлық атыраулық алты самбошы финалға дейін жетті. 3 қазан 2013, 00:00 4 811 рет қаралды
Көктемдегі қос өлім Басқа жаңалықтар

Көктемдегі қос өлім

1 қазанда сағат 16.30-да Көктем ықшамауданың маңында Атырау-Индер тас жолының 8-ші шақырымында «Лада» ВАЗ-21144 көлігінің 45 жастағы жүргізушісі көлік тетігіне ие бола алмай, 69 жастағы зейнеткер жүргізіп келе жатқан «Лада» ВАЗ-2107 көлігіне соққан. 2 қазан 2013, 17:10 1 942 рет қаралды