Облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ төрағалық еткен кеңесте 2014 жылдың индустриалдық-инновациялық жобалары қарастырылды.
Облыстық кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі Лариса ЖҰМАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, жаңа жылда 26 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде Индустрияландыру картасының шеңберінде 1272 тұрақты жұмыс орны құрылатын 17,8 млрд теңге сомасына 6 жоба бар.
2014 жылдың бірінші жарты-жылдығында аяқталады деп жоспарланған жобалардың қатарында «Caspian Royal Fish» ЖШС-нің құны 500 млн теңге және өндірістік қуаттылығы жылына 100 тоннаға дейін бекіре, бір тонна бекіре уылдырығы мен 100 мың шабақтар болатын тауарлық-бекіре фермасы бар. Бүгінде зауыт корпустары, үш тоған және сорғы стансасы салынған. Жабдықтардың бірінші партиясы жаңажылдық мерекелерден кейін, екінші партиясы ақпан айында түседі.
«Alan building systems» ЖШС-нің модульдік үй тұрғызу фабрикасының құрылысы да бірін-ші жартыжылдықта аяқталатын болады. Құны 10 млрд теңге тұратын «ЦВС «Ескене» ЖШС вагон сервисі орталығының құрылысы жалғасуда. Бүгінде оның 3,5 млрд теңгесі игерілді. «АтырауНефтемаш» ЖШС ірі габаритті және өте ауыр жабдықтарды құрастыру жобасын жүзеге асырады. Алғашқы өнім 2014 жылдың екінші жартыжылдығында шығарылатын болады.
2014 жылы «Полимер Продакшн» ЖШС-нің полиэтилен үлдір мен полипропилен қапшықтар өндірісі іске қосылмақ. Бүгінде нысанда 1,4 млрд теңге игерілді. Сбербанк жоба құнының 49 пайызын жүзеге асыру үшін 1,2 млрд теңге көлемінде несие берді. «Жігермұнайсервис» ЖШС 2014 жылы бұрғылау қондырғыларына арналған жабдықтарды шыға-ратын бірден екі өндірісті пайда-лануға береді. Бұлар мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға арналған ірі габаритті кешендер, PDC маркалы қашаулар мен бұрғылау колонналарының төменгі жағын құрастыру элементтерінің қосалқы бөлшект-ері. Б.Ізмұхамбетов дүние жүзінде бұрғылау қондырғылары үшін қашауды бар болғаны 5-6 компанияның шығаратынын атап өтті. Өндірілген қашаудың күкіртсутектің агрессиясына төзуі маңызды. Компания өкілі оның «төзімді екеніне» сендірді, олар мұнайшылар ойдағыдай қолданып жүрген үш бұйымды шығарған екен.
«Сағат Энерджи» ЖШС газ-поршонды электр стансасының құрылысына кірісті. Құны 2 млрд теңге тұратын жоба мамыр айында аяқталмақ. Осындай бір электр стансасының қуаттылығы 11 мегаватты құрайды. Электр энергиясын «Атырау Жарық» АҚ-ға қарағанда төмен бағамен сату жоспарлануда. Электр стансалары жылу энергиясын да өндіретін болады.
«DCS» ЖШС сағатына 160 тонна асфальт-бетон шығаруды жолға қоюға уәде берді. Сондай-ақ, оларда 2014 жылы үй құрылысы комбинатының құрылысын бастау туралы американдық «Spancreit» компаниясымен келісім бар. Ал өңірде асфальт зауыты бар және «БатысАльянсСтрой» ЖШС-нің үй құрылысы комбинаты салынуда. Облыс әкімі салалық басқарма басшыларына сол бағыттағы жаңа өндірістердің салыну мақсаттылығын қарауға тапсырма берді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ